Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Басты ақпарат»Павлодарда 18 жыл тұрғын үй кезегін күткен жетім қызға баспана берілмеді
Басты ақпарат

Павлодарда 18 жыл тұрғын үй кезегін күткен жетім қызға баспана берілмеді

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы11.08.20269
Фото: ЖИ
Павлодарлық 27 жастағы Марина Харчук 18 жылға жуық уақыт тұрғын үй кезегінде тұрған. 6 тамызда оған екі бөлмелі пәтер берілетіні туралы хабарлама келген. Алайда қуанышы су сепкендей басылды. Деректері тексерілгеннен кейін жүйе отбасының табысына байланысты бас тартқан, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Марина бала кезінде ата-анасынан айырылып, тұл жетім мәртебесін алған. Ол 2008 жылы әлеуметтік тұрғын үй кезегіне қойылған. 6 тамызда телефонына 1414 нөмірінен хабарлама келген. Қызға ауданы 81 шаршы метр болатын екі бөлмелі пәтер берілгені хабарланған.

Марина баспананы алуға келісімін растап, түгендеу рәсімінен өткен. Алайда келесі кезеңде құжаттарды әрі қарай рәсімдеудің орнына жүйеден бас тарту туралы хабарлама шыққан.

– 18 жылға жуық күткеннен кейін бұл мен үшін үлкен қуаныш болды. Алайда «Жалғастыру» батырмасын басқан соң, жүйе табысымыз белгіленген талаптарға сәйкес келмейтініне байланысты бас тартқанын көрсетті, – деді ол.

Павлодарлық қыз «Отбасы банкке» жүгінген. Банк оған отбасының жалпы табысы есепке алынатынын түсіндірген.

Қазір Марина тұрмыста, кішкентай қызын тәрбиелеп отыр. Отбасы жалдамалы пәтерде тұрады. Маринаның ай сайынғы табысы шамамен 300 мың теңге, жұбайы да осы шамада ақша табады. Оның айтуынша, банк үш адамнан тұратын отбасы үшін шамамен 350 мың теңге көлемінде табыс шегі белгіленгенін айтқан. Ал олардың жалпы табысы бұл көрсеткіштен асып кеткен.

Қыз осынша жыл кезекте тұрғаннан кейін табысының баспана алуға кедергі болғанын түсінбейді. Ақшаның басым бөлігі пәтер ақысына, балабақшаға, азық-түлікке, киім-кешекке және несие төлемдеріне жұмсалады.

– Отбасымды қамтамасыз ету үшін көбірек табыс тапсам, баспана алу құқығынан айырылуым мүмкін. Ал аз табыс тапсам, баланы қалай асырап, пәтерақыны қалай төлеймін? Мен үшін бұл пәтер жай ғана төрт қабырға емес, 18 жылға жуық күткен еңбегімнің нәтижесі, – дейді Марина.

Енді ол әуелі пәтер берілетіні туралы хабарлама келіп, кейін не себепті бас тартылғанын түсіндіруді талап етіп отыр. Сондай-ақ отбасы табысының қандай тәртіппен есептелгенін және оның жағдайын қайта қарау мүмкіндігі бар-жоғын білгісі келеді.

Айта кетейік, бұған дейін «Отбасы банк» қызметкерлері арасында 2025 жылдың қорытындысы бойынша анықталған заң бұзушылықтар туралы ақпарат жарияланған еді.

Банк есебінде кейбір қызметкерлер клиенттер мен делдалдарға көмектескені үшін заңсыз сыйақы алғаны айтылған. Анықталған жағдайлардың арасында тұрғын үй кезегін ақша үшін жылжыту фактісі де болған.

Сонымен қатар филиалдардың бірінде қызметкер клиенттердің несие қабілеттілігін растауы үшін олардың табысы туралы құжаттарды қолдан жасаған. Бұл қызметкерлермен еңбек шарттары бұзылып, материалдар құқық қорғау органдарына берілген. Бірнеше факті бойынша қылмыстық істер тергеліп жатыр.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleЖамбыл облысында әлеуметтік желіде балағат сөз айтқан әйел жындыханадан бірақ шықты
Next Article Магистратураға түсу: Қазақстанда грант иегерлерінің есімдері қашан белгілі болады?

Оқи отырыңыз...

«Алтай өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі»: Тоқаев Түркия төрінде Путинге тағы үндеу тастады

30.10.2026368

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі  

30.10.20265

Анкара сапары: Тоқаев пен Ердоған не туралы сөйлесті?

30.10.202644
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202653

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026351

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.