Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Жаңбыр, найзағай: Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Жаңалықтар

Жаңбыр, найзағай: Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы17.08.20267
Фото: Pixabay

Фото: Pixabay

«Қазгидромет» РМК 2026 жылдың 17 тамызында дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және Қазақстанның барлық 17 облысында ауа райының қауіпті құбылыстары тіркелетінін ескертті, деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпарат порталы.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 17 тамызда күндіз 35-36 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында күндіз 35-36 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні — 15 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 17 тамызда күндіз солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні — 15 м/с. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні — 15-18 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 17 тамызда күндіз солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні — 15 м/с.

Түнде Ақмола облысының шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады, ал түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 17 тамызда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні — 15-20 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады. Солтүстік-батыстан жел соғып, облыстың таулы аудандарындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше, ал оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда 17 тамызда күндіз 35 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Қонаевта 17 тамызда күндіз 35 градус қатты ыстық болатыны болжанады. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 17 тамызда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндізгі екпіні — 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, күндіз өңірдің солтүстігінде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Күндіз өңірдің оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі, ал солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда 17 тамызда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды.

Атырау облысы бойынша 17 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 17 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығындағы екпіні 15-18 м/с құрайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 17 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Түркістан облысының батысында, таулы аудандарында шаңды дауыл тұрады, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 17 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда 17 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні — 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігіндеел батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде 17 тамызда жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда 17 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың шығысында, таулы аудандарында солтүстік-батыстан жел соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз Алакөл көлдері аудандарында кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Күндіз 35 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 17 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болатыны болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 25 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда 17 тамызда күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Түнде және таңертең тұман болатыны болжанады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.

Астанада 17 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні — 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Облыста жоғары өрт қаупі, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда 17 тамызда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні — 15-18 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 17 тамызда оңтүстіктен-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні — 15-18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының солтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында 17-19 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада да 17-19 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Бізге рұқсат бермеді, ал Каньеге болады»: Баян Алагөзова билікке шүйлікті
Next Article Неке қию да, ажырасу да онлайнға көшіп жатыр: бағдарлама қалай жұмыс істейді?

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20264

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20261

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20264

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20261

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202657

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026394

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.