Тележурналист Дина Төлепбергеннің жеке субьективті статистикасына сәйкес “Қазақстанда әрбір 5-ші қыз жыныстық зорлыққа тап болған”. Бұл туралы ол “Zamandas” подкастында айтты, деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпарат агенттігі.
”Өкінішке орай, зорланған жасөспірімдерді көп көрдім. Кішкентай, 5,3,4,6 жастағыларды. Туған әкесі, ағасы, жездесі, атасы зорлайды. Менің жеке субьективті статистикама сенетін болсаңыздар, Қазақстанда әрбір 5-ші қыз жыныстық зорлыққа тап болған. Бұл трагедия. Қыздар үлкейген кезде де аналарына өкпелі. Өйткені, аналарына айтқан, “ол мүмкін емес” деп оны жабық тақырып етіп айтпаған.
”Әрбір 3-ші қыз жыныстық қорлыққа тап болған”
Дина Төлепберген өзі жасөспірімдер гинекологынан сұхбат алған, оның айтуынша “әрбір 3-ші қыз жыныстық қорлыққа тап болған”.
”Өткенде мен жасөспірімдер гинекологымен сұхбаттасқан болатынмын. Оның статистикасы бойынша, әрбір 3-ші қыз жыныстық қорлыққа тап болған. Сондықтан да “жеке шекара, минструация, дене” тақырыбын көтеруім осыны шешуім үшін. Ең болмаса әжетханадан бастап шешу керек деп шештім”, — деді журналист.


