Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Құрылтай сайлауы: Алматы облысында миллионнан астам тұрғын дауыс беру үшін 683 учаске ашылды
Жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: Алматы облысында миллионнан астам тұрғын дауыс беру үшін 683 учаске ашылды

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы23.08.20265
Алматы облысының әкімдігі

Қазақстанда жаңа бірпалаталы Құрылтайдың алғашқы сайлауы өтуде. Бүгін Алматы облысында 1 042 987 адам өз таңдауын жасай алады, оның ішінде кәмілет жасына толған 14 104 азамат алғаш рет сайлауда дауыс беру құқығына ие болды. Айта кетейік, өңірде таңғы 7:00-ден бастап 683 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Мәселен, облыс орталығындағы №956 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалғаннан кейін, дауыс беру процесі басталды. Мұнда алғашқылардың бірі болып Қонаев қаласының құрметті азаматы Амангелді Беспаев келді. Ақсақал алдымен жиналған жұртқа бата беріп, ел үшін маңызды оқиғада дұрыс таңдау жасауға шақырды. Қазақ дәстүрінде мұндай ақжолтай тілектер маңызды іс-шаралардың алдында айтылады.

— Еліміз өркедей берсін! Жасаған таңдауымыз келер ұрпақтың игілігіне қызмет етсін. Барша жерлестеріме амандық, бірлік пен береке тілеймін, – деді қария.

Облыстағы барлық сайлау учаскелері қажетті материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етілген және дауыс беруді өткізуге дайын. Байқаушылардың, сенім білдірілген адамдардың және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуы үшін барлық қажетті жағдай жасалды.

Сайлау процесінің қолжетімділігіне ерекше назар аударылды. Айта кетейік, өңірде 2 122 ерекше қажеттілігі бар сайлаушы дауыс беруге қатыса алады. Сайлау учаскелерінде дауыс беруге арналған арнайы кабиналар, пандустар, тактильді көрсеткіштер және қолжетімді ақпараттық материалдар қарастырылған. Денсаулық жағдайына байланысты сайлау учаскесіне өздігінен келе алмайтын азаматтар үшін заңнамаға сәйкес дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс, тұрғылықты жері бойынша дауыс беру мүмкіндігі қамтамасыз етілген.

Сайлау күніне дейін өңір тұрғындарына 1 миллионнан астам шақыру табысталды. Дауыс беру күні өз елді мекенінен тыс жерде болатын азаматтарға 2 238 есептен шығару куәлігі берілді.

Айта кетейік, сайлау халықаралық байқаушылардың қатысуымен өтуде. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 42 шет мемлекеттен және 13 халықаралық ұйымнан 777 халықаралық байқаушыны аккредиттеді. Олардың қатысуы сайлау процесінің барысын халықаралық деңгейде байқауға мүмкіндік береді.

— Сайлау учаскелері заңнамада белгіленген уақытқа сәйкес жұмысын жалғастырады. Алматы облысының тұрғындары өздерінің конституциялық құқықтарын іске асырып, Құрылтайдың жаңа құрамын қалыптастыруға қатыса алады, — деп хабарлады Алматы облысының ӨКҚ.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleСайлау бюллетенімен фотоға түсу: ОСК қатал ескерту жасады
Next Article Саяси науқан: Алматылықтар Құрылтайға дауыс беру үшін кезек күтуде

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20264

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20261

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20264

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20261

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202657

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026394

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.