Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Басты ақпарат»Ұлытау облысында 116 жастағы әжей дауыс берді
Басты ақпарат

Ұлытау облысында 116 жастағы әжей дауыс берді

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы23.08.202616
Фото: Ұлытау облысы әкімдігі

Жүз жылдан астам өмір сүрген Түймегүл Темірбаева Құрылтай сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады. Ол Ұлытау облысының Қызылжар ауылында тұрады және Қазақстандағы ең қарт азамат саналады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпарат порталы.

1910 жылы дүниеге келген Түймегүл апа биыл 116 жасқа толды.

Түймегүл Темірбаеваның ел үшін маңызды қоғамдық-саяси науқанға қатысып, азаматтық ұстанымын білдіруі ел болашағына деген жауапкершіліктің жарқын көрінісі әрі барша азаматқа үлгі боларлық өнеге болды.

Түймегүл апа өмірінің басым бөлігін отбасына және адал еңбекке арнаған. Жолдасы Аязбай Темірбаевпен бірге жылқы өсірумен айналысып, ғұмыр бойы маңдай терімен еңбек етті. Бүгінде ол 15 немере мен 25 шөберенің сүйікті әжесі.

Ұзақ жасаудың сыры туралы сұрағанда, Түймегүл апа оның мәні адал еңбекте, ізгі ниетте және жақындарға деген сүйіспеншілікте екенін айтады. Бұған дейінгі сұхбаттарында Түймегүл апа әлі күнге дейін үй шаруасына араласатынын, құрт жасайтынын және қолынан келгенше шаруашылық жұмыстарын атқаратынын айтқан.

Дауыс беру кезінде ұзақ жасаған ана елге ізгі тілегін білдіріп, ұрпақтарына денсаулық пен амандық, елге тыныштық, ал Қазақстанға жарқын болашақ тіледі.

— Ұрпағымыз аман-сау болсын, елімізде бейбітшілік болсын. Еліміздің болашағы жарқын болсын, — деп тілек білдірді Түймегүл апа.

Түймегүл апаның таңдауы — жай ғана бір дауыс емес. Ол ғасырдан астам тарихты көрген адамның ел болашағына бағытталған ақ батасындай болды.

Айта кетейік, Түймегүл Темірбаева бұған дейін де қоғамдық маңызы бар науқандарға қатысқан. 2026 жылғы республикалық референдум кезінде де ол арнайы жылжымалы дауыс беру жәшігінің көмегімен өз таңдауын жасаған.

116 жастағы ұзақ жасаған кейуананың таңдауы «Елдің болашағы — әрқайсымыздың ортақ ісіміз» деген қарапайым әрі терең ойдың символына айналды.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleАлматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс берді
Next Article «Бұл – маңызды тарихи оқиға»: Тоқаев Құрылтай депутаттары сайлауында дауыс берді

Оқи отырыңыз...

«Алтай өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі»: Тоқаев Түркия төрінде Путинге тағы үндеу тастады

30.10.2026368

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі  

30.10.20265

Анкара сапары: Тоқаев пен Ердоған не туралы сөйлесті?

30.10.202644
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202653

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026351

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.