Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Шоу бизнес»«Аяқ-қолым дірілдейді»: Айгүл Иманбаева зорлыққа ұшырағанын енді жайып салды (ВИДЕО)
Шоу бизнес

«Аяқ-қолым дірілдейді»: Айгүл Иманбаева зорлыққа ұшырағанын енді жайып салды (ВИДЕО)

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы26.08.20261 535
Фото: Әлеуметтік желіден

Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева зорлық-зомбылықтың ересек өміріне де әсер еткенін айтты. Өнер иесі бұл тақырыптың өзі үшін ауыр екенін айтып, ата-аналарды балалардың көзінше жанжал шығармауға шақырды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпарат порталы.

Айгүл Иманбаеваның сөзінше, осыдан бірнеше жыл бұрын құрбысы Баян Мақсатқызы зорлық-зомбылық тақырыбын арқау еткен «Бақыт» фильмін түсірген. Картинадағы басты рөлдердің бірін сомдау туралы ұсыныс түскенде, әнші алдымен сценариймен танысқан.

«Сценарийді оқып отырып, бұлшықет жады ма, әлде бұрынғы сырқаттарым оянды ма, білмеймін, аяқ-қолым дірілдеп, жылап қалдым. Баянға хабарласып, бұл рөлден бас тарттым. Кейін режиссер Асқар Ұзабаев та қоңырау шалып, көндіруге тырысты. Оған да көзімнен жас тоқтамай, бұл тақырыптың мен үшін қаншалық ауыр екенін түсіндірдім», – деді ол.

Әнші соңғы жылдары психологпен жұмыс істеп, балалық шағында алған психологиялық жарақаттарынан арылуға тырысып жүргенін жеткізді. Алайда зорлық-зомбылыққа қатысты кей жағдайлар оның санасында әлі де сақталғанын мойындады.

«Бала кезімде әкемнің анамды ұрғанын, ата-анамның бір-бірімен жанжалдасқанын көрдім. Сондықтан қазір де біреу дауысын көтерсе, қорқамын. Ішімдік ішкен адамды көрсем, аяқ-қолым дірілдейді. Психологпен жұмыс істеп, бәрін санамнан шығардым деп ойласам да, оның іздері әлі бар екен», – деді Айгүл Иманбаева.

Оның айтуынша, балалық шақтағы зорлық-зомбылықтың салдары адам есейген кезде де түрлі жағдайда көрінуі мүмкін. Әнші қазақ қоғамында бұрыннан қалыптасқан «баланың көзінше ұрыспа» деген қағиданың маңызы зор екенін атап өтті.

«Кейін сол жағдайлар өміріңде айна-қатесіз қайталануы мүмкін. Менің жеке өмірімде де сондай жағдайлар болды. Сондықтан бұл мәселені бала тәрбиесінен бөлек қарауға болмайды», – деді өнер иесі.

Айгүл Иманбаева ата-аналарды бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауға шақырды. Оның пікірінше, отбасындағы қарым-қатынас пен баланың көз алдында қалыптасатын орта оның болашақтағы мінезі мен өміріне тікелей әсер етеді.

«Баланы өмірге әкелгеннен кейін оның тәрбиесіне жауапкершілік алу керек. «Тәрбие тал бесіктен басталады» деп бекер айтылмаған. Бүгінгі зорлық-зомбылық мәселесінің бір себебі бала кезден қалыптасқан түсініктерде жатыр деп ойлаймын», – деді әнші.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Бәйбіше-тоқал тартысы тоқтады»: Айқын Төлепберген демалысқа қос некесінен туған балаларымен барған
Next Article Ұйғыр ауданы әкімсіз қалды: «Әділет» партиясынан Құрылтай депутаттығына өткендердің ресми тізімі жарияланды

Оқи отырыңыз...

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Тастап кеткеніне өкініп, жылап аламын»: Медеу Арынбаев жеке өміріне қатысты жан сырын ақтарды

30.10.202614

«Мөлдірді ренжітті»: Қостанайда Тұрсынбектің жарнамалық суретін жауып тастаған

30.10.2026148
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20263

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20261

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202657

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026371

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.