Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Шоу бизнес»«Енеге дипломатиялық курс оқу керек»: Динара Сәтжан бірінші күйеуінен туған ұлын үйлендіріп жатыр (ВИДЕО)
Шоу бизнес

«Енеге дипломатиялық курс оқу керек»: Динара Сәтжан бірінші күйеуінен туған ұлын үйлендіріп жатыр (ВИДЕО)

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы28.08.2026784

Танымал журналист Динара Сәтжан қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпарат порталы. 

Ол бүгін келінін үйге алып келеді. Алайда ене болатынын ойлаған сайын қобалжып жүргенін де жасырмады.

«Бүгін келінімізді үйге алып келеміз!

Білесіздер ме, бұл – үлкен жауапкершілік. Қазіргі заманғы ене ретінде зумерлердің жеке шекарасына өте ұқыпты қарайтынын түсінемін. Оларды да жақсы түсінемін. Ал біз, миллениалдар, «сабыр түбі – сары алтын», «еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген түсініктермен өстік. Z буынынан кейінгі Альфа ұрпағымен қарым-қатынасымыз қандай болатынын елестетудің өзі қызық. Енеге дипломатия бойынша арнайы курс оқуға тура келетін шығар.

Әзілді былай қойғанда, ұрпақ та, заман да өзгергенімен, бір нәрсе өзгермейді.

Әр ата-ана үшін ең бастысы – баласының бақытты болғанын көру. Мінсіз болғанын емес. Ыңғайлы болғанын емес. Ең бастысы – бақытты, сүйікті әрі өзіне сенімді болғанын қалау.

Егер балаларымыздың бақыты үшін бізге жаңа нәрсені үйрену, өзімізді өзгерту, олардың жеке шекарасын құрметтеу, еркіндік беру және кейде жай ғана жанында болу қажет болса, мен ол үшін бәрін жасауға дайынмын.  Ал бүгін – жай ғана бақытты күн. Бүгін біз өз қызымызды үйге алып келеміз», — деп жазды ол.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleАлматыда FlyArystan ұшағынан өрт шығып, бір адам зардап шекті
Next Article «Мейрамбектің алып бара жатқан вокалы жоқ»: Дастан Оразбековтің сөзі ел арасында қызу талқыланды (ВИДЕО)

Оқи отырыңыз...

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Тастап кеткеніне өкініп, жылап аламын»: Медеу Арынбаев жеке өміріне қатысты жан сырын ақтарды

30.10.202614

«Мөлдірді ренжітті»: Қостанайда Тұрсынбектің жарнамалық суретін жауып тастаған

30.10.2026148
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202652

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026350

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.