Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Құрметім ерекше: Димаш Құдайберген Қарағанды шахтасына түсті
Жаңалықтар

Құрметім ерекше: Димаш Құдайберген Қарағанды шахтасына түсті

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы01.09.202667
Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Кеншілер күніне орай өткен, 250 мыңға жуық көрермен тамашалаған ауқымды концерттен кейін Димаш Құдайберген Қарағандыдағы сапарын жалғастырды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпарат порталы.

Әлемге танымал әнші жер астына 700 метр тереңдікке түсіп, Qarmet компаниясына қарасты Костенко атындағы шахтада болды.

Ол кеншілердің күнделікті еңбек жағдайымен танысып, заманауи қауіпсіздік жүйелерінің жұмысын көрді. Сондай-ақ шахта жұмысшыларын кәсіби мерекесімен арнайы құттықтады.

— Бұл мамандық иелеріне деген құрметім ерекше. Сіздердің еңбектеріңіз айрықша құрметке лайық! – деп жазды Димаш әлеуметтік желідегі парақшасында.

Қарағандыға сапары барысында әнші танымал суретші, антиядролық қозғалыстың белсендісі Кәріпбек Күйіковпен де кездесті. Өнер иесі Димашқа өзінің туындысы мен кітабын сыйға тартты. Кейін Кәріпбек Күйіков концертке бара алмағанын айтып, Димашпен жеке жүздескеніне қуанышты екенін жеткізді.

Димаштың Қарағандыдағы сапарындағы тағы бір әсерлі кездесу «Әсем» балаларды қолдау орталығында өтті. Бұл жолы сахна да, жарқыраған жарық де болған жоқ.

Кездесу қарапайым әрі жылы өтіп, балалармен еркін әңгіме-дүкен құрылды. Олар бірге шай ішіп, әзілдесіп, емен-жарқын сырласты.

— Балаларымыз үшін бұл кездесу үлкен сыйлық әрі зор шабыт болды. Бұл – армандардың орындалатынына деген сенімді нығайтқан ерекше сәт, – дейді орталық қызметкерлері.

Димаш балалардың әңгімесін ықыласпен тыңдап, оларға жылы лебізін білдіріп, қойған сұрақтарына жауап берді.

«Әсем» орталығының қызметкерлері үшін бұл кездесу балалардың жүрегінде ұзақ сақталатын әсерлі сәтке айналған. Олар мұндай жүздесу балаларға арманға сенудің және оған ұмтылудың қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте сезіндіргенін атап өтті.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleТоқаев Өзбекстан халқын тәуелсіздіктің 35 жылдығымен құттықтады
Next Article Күдікті қолға түскен жоқ: Аралда учаскелік полиция өз үйінде айуандықпен өлтірілді

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20263

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20261

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20263

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20261

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202657

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026378

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.