Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Қоғам»«Таксист болсам …»: Дана Нұржігіт депутаттықтан кейінгі кезеңді еске алды
Қоғам

«Таксист болсам …»: Дана Нұржігіт депутаттықтан кейінгі кезеңді еске алды

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы02.09.202616
Фото: видеодан скриншот

Танымал журналист Дана Нұржігіт сталкингтің адам өміріне тигізетін зардабы туралы айтып, өзі бастан өткерген ауыр кезеңді еске алды. Ол «Айтарым бар» подкастына берген сұхбатында қудалаудың психологиялық қысымға айналып, адамның қалыпты өмір сүруіне кедергі келтіретінін айтты,  деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпарат порталы. 

Журналистің сөзінше, сталкингті кей адамдар махаббат пен қамқорлық деп қабылдауы мүмкін. Алайда оның артында бақылау, қорқыту, бопсалау және қысым көрсету сияқты әрекеттер тұруы ықтимал.

«Сталкинг — қылмыстың басы ғана. Оның ар жағында келесі қылмыстың табиғаты жатады. Адам неге қудалайды? Демек, оның бір себебі бар. Бопсалайды, қорқытады, өмірін бақылауда ұстағысы келеді. Бұл — психологиялық қысым. Сенің бетің көгермейді, басың жарылмайды. Сырт көзге сау адамсың, бірақ ішің түтін», — деді Дана Нұржігіт.

Оның айтуынша, сталкингтің тағы бір қауіпті тұсы — қудалаушының әрекетін дәлелдеу қиын болуы. Мәселен, адамның күн сайын қайта-қайта қоңырау шалуы немесе жәбірленушінің жүрген жерінен табылуы сырттай қарағанда қылмыс ретінде бірден байқала бермейді.

Дана Нұржігіт мұндай қысымның өз денсаулығына да айтарлықтай әсер еткенін айтты. Журналист ұзақ уақыт бойы үреймен өмір сүріп, ұйқысыздық пен депрессияға тап болған.

«Адвокатымнан қоңырау келсе, шошып оянатынмын. Ұйқым қашты. 2,5 жыл бойы ұйықтамау, депрессияға түсу, антидепрессанттарды ішу, аяғында телевизиядан кетіп қалдым. Өйткені жұмыс істей алмай қалдым. Басымда тек үрей болды», — деді ол.

Журналист сол кезеңде эфирге шығуға психологиялық тұрғыдан дайын болмағанын, сондықтан телевизияға қатысы жоқ жұмыстардан табыс табуға мәжбүр болғанын жеткізді.

Дана Нұржігіт депутаттық қызметтен кеткеннен кейін такси жүргізушісі болуды да ойлағанын жасырмады. Оның айтуынша, сол уақытта негізгі мақсаты — қандай да бір жолмен еңбек етіп, баласын қамтамасыз ету болған.

«Депутаттықтан кеткеннен кейін “такси жүргізем бе?” деген де ойым болды. Оған арланбаймын. Көлікті жақсы жүргізе аламын, карта бағытты көрсетеді. “Такси жүргізуші болсам ба екен?” деп ойладым», — деді журналист.

Ол бұл кезеңді өміріндегі ауыр сынақтардың бірі деп атап, қиындықтың адамға өзінің қаншалықты мықты екенін түсінуге мүмкіндік беретінін айтты.

Еске салайық, Дана Нұржігіт бұған дейін экс-күйеуінен сталкингке ұшырағанын мәлімдеген болатын. Журналист сол жағдайдан кейін алты ай бойы депрессияда болып, психотерапевт көмегіне жүгінгенін айтқан.

Ал 2024 жылы оның экс-жұбайы жеке өмірге қол сұқпау тәртібін бұзғаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 147-бабы бойынша үш жылға шартты түрде сотталған.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Тағы аяғы ауыр ма?»: Тұрсынбектің екінші әйелі қызу талқыға түсті (ВИДЕО)
Next Article «Сарыөзек — Көктал» тасжолындағы жол апатынан алты адам қаза тапты

Оқи отырыңыз...

«Маған ренжімеңіздерші»: елімізді әлем алдында қорлаған «Борат» қазақстандықтардан кешірім сұрады (ВИДЕО)

29.10.202619

Басты қоздырғыш шынайы дыбыстар: Сексологтар төсекте үнсіз қалатын әйелдерге кеңес берді

23.10.2026552

«Немереме келін іздеп жүрмін»: Тоқаевтың қолынан «Отан» орденін алған Алтынбек Қоразбаев журналист қызға «құда түсті» (ВИДЕО)

23.10.20261 045
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202653

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026351

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.