Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Ағаш кескендерді 100 мың теңгеге жалдаған – прокурор Боқаевтың экологиялық қылмысты қалай «сахналағанын» айтты
Жаңалықтар

Ағаш кескендерді 100 мың теңгеге жалдаған – прокурор Боқаевтың экологиялық қылмысты қалай «сахналағанын» айтты

НұрланНұрлан16.10.202618
Фото: әлеуметтік желі

Алматыда «ҚазТрансГаз» АҚ бас директорының бұрынғы кеңесшісі Санжар Бокаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі өтіп жатыр. Прокурор айыптау актісін оқып, алаяқтық жасау, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру, гранит тақталарды ұрлауды ұйымдастыру, ағаштарды заңсыз кесу және жалған ақпаратты қасақана тарату әрекеттерінің мән-жайын егжей-тегжей баяндады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz .

Прокурордың айтуынша, гранит тақталарды ұрлау оқиғасын қолдан сәтті ұйымдастырған соң Боқаев қылмыстық әрекеттер арқылы қоғамда жалған дау-дамай туғызуды жалғастыруды көздепті.

2025 жылдың күзінде ол Баум тоғайын абаттандыру жұмыстарын жүргізіп жатқан «Базис-А» құрылыс компаниясы мен мемлекеттік органдарға қарсы ақпараттық шабуыл ұйымдастыруды жоспарлады. 26 қазанға Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесу белгіленгендіктен, Боқаев осы шара қарсаңында қоғамда үлкен дау туғызуды көздеді. Ол алдымен тоғайдағы ағаштарды жасырын кесіп, кейін олардың орнына коммерциялық жылжымайтын мүлік салу мақсатында жасыл желек заңсыз әрі аяусыз жойылып жатыр деп жұртшылықты дүрліктіруді ойластырды.

Осы мақсатта Боқаев пен оның жеке мобилографы Ұ.Нүсіпқожа бұған дейін гранит тақталарды ұрлауға көмектескен А.Хамрақұловқа қайта жүгінген. Тапсырыс берушілерден ақша алған Хамрақұлов қаладағы ломбардтардың бірінен кәдімгі бензинмен жұмыс істейтін ара сатып алған.

2025 жылғы 24 қазан күні кешкі уақытта Хамрақұлов жалдаған адамдар Баум тоғайына жасырын кіреді. Олар екі жарым сағат ішінде үйеңкі, қараған және қарағашты қоса алғанда, 16 ағашты әдейі кесіп, зақымдаған. Сол түні, 25 қазанда, қылмыс жасалғаннан кейін Нүсіпқожа орындаушылармен кездесіп, оларға 100 мың теңге төлеген.

Жоспардың алғашқы бөлігі орындалғанына көз жеткізген ұйымдастырушылар енді оны жұртшылыққа жария етуге кіріседі. Сол түні Боқаев пен Нүсіпқожа шетелдік телефон нөмірінен ағаштардың кесіліп жатқаны туралы жасырын хабарлама алғандай кейіп танытқан. Олар қол шамдарын алып тоғайға барады да, «белгісіз қылмыскерлерді» қуғандай көрініс ұйымдастырып, оны бейнежазбаға түсіреді.

Келесі күні, 26 қазанда, аудан тұрғындарымен кездесу басталар алдында Боқаев қоғам белсенділерін тоғайға ертіп барып, өзінің тапсырмасымен кесілген ағаштарды көрсеткен. Камера алдында ол әлдебір мүдделі тұлғалар тұрғын үй кешендерін салуға жер босату үшін ағаштарды жойып жатыр деп мәлімдеген.

Кейін Боқаев монтаждалған бейнероликті Instagram желісіндегі жеке парақшасында жариялаған. Айыптау тарапының айтуынша, ол өзін қоғам мүддесін қорғаушы ретінде көрсетіп, әлеуметтік желідегі оқырмандарын әдейі жаңылыстырған.

Прокурор бұл әрекеттер арқылы өзін «жарнамалаудың» салдарынан табиғатқа және «Медеу» мемлекеттік табиғи паркіне нақты зиян келтірілгенін атап өтті. Осыған байланысты Боқаев пен Нүсіпқожаға алдын ала сөз байласқан адамдар тобының құрамында ағаштарды заңсыз кесу және жою бойынша айып тағылды.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Ерке Мөлдірді оятты»: Мөлдір Мұқанның жазбасы жұртты таңғалдырды
Next Article Астанада «Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарының жеңімпаздары марапатталды

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026336

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.