Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Ақмола облысында алғашқы сайлаушыларға арналған акция басталды
Жаңалықтар

Ақмола облысында алғашқы сайлаушыларға арналған акция басталды

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы23.08.20265
Фото: Ақмола облысы

Ақмола облысында сайлау учаскелері ашылды. Алғашқы минуттардан-ақ күнін дауыс беруден бастауды жөн көрген тұрғындар учаскелерге келе бастады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Ең белсенді әрі алғашқы сайлаушыларға арнайы сыйлықтар дайындалды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Сайлау учаскелерінің есігі таңғы сағат 07:00-де ашылды. Арада жарты сағат өткен соң-ақ ұйымдастырушылар алғашқы сайлаушыларды қарсы ала бастады. Акцияның негізгі мақсаты – әр дауыстың маңызын атап өту және сайлау күнінің ерекше атмосферасын қалыптастыру.

Өңірде барлығы 759 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның 696-сы азаматтардың тіркелген жері бойынша орналасса, тағы 63 учаске уақытша болатын орындарда құрылған. Сайлау учаскелерінің жұмысын құрамында 4520 адам бар 780 сайлау комиссиясы қамтамасыз етеді. Облыс бойынша сайлаушылар тізіміне жарты миллионнан астам азамат енгізілген.

Бүгін жұмыс орнында жүрген азаматтар үшін де дауыс беруге жағдай жасалған. Биыл алғаш рет үздіксіз жұмыс істейтін өндіріс орындарының тікелей аумағында үш жаңа сайлау учаскесі құрылды.

Акция барысында жастарға да ерекше көңіл бөлінуде. Сайлау жасына жетіп, алғаш рет бюллетень алған азаматтар үшін бұл күн – өміріндегі маңызды белестердің бірі. Ұйымдастырушылар алғашқы дауыс беруді жастардың есінде жағымды әрі маңызды оқиға ретінде қалдыруға тырысып отыр.

«Алғашқы сайлаушыларды атап өтіп, алғаш рет дауыс беріп отырған жастарды қолдау біз үшін маңызды болды. Бұл күн олардың жадында жақсы әсерлермен сақталса дейміз», – деп атап өтті акция ұйымдастырушылары.

Қазіргі таңда Ақмола облысындағы дауыс беру үдерісі штаттық режимде өтіп жатыр. Сайлау учаскелері тұрғындарды қабылдауды жалғастыруда. Ал алғашқы сайлаушыларды ынталандыруға бағытталған акция сайлау күніне ерекше мән беріп, азаматтардың ортақ іске қатыстылығын сезіндіретін игі дәстүрге айналып келеді.

 

 

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleАлматы облысында Жамбыл Жабаевтың отызға жуық ұрпағы Құрылтай сайлауында дауыс берді
Next Article «Алтын жас»: сайлау учаскелерінде аға буын өкілдеріне сыйлықтар табысталды

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026336

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.