Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Ақмола облысында ұрлықтың алдын алу және қылмыстарды ашу бойынша жұмыс күшейтілді
Жаңалықтар

Ақмола облысында ұрлықтың алдын алу және қылмыстарды ашу бойынша жұмыс күшейтілді

НұрланНұрлан10.09.20263
Фото: Ақмола облысы әкімдігі

Өңірде бөтеннің мүлкін ұрлау және мал ұрлығы фактілерінің саны азайып келеді. Биылғы сегіз айда облыста 650-ге жуық ұрлық тіркелген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7%-ға төмен. Мал ұрлығының саны үштен бірге азайды. Бұл туралы брифингте Криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Сағындық Жантемиров мәлімдеді, деп жазады Muztaumedia.kz.

Оның айтуынша, жұмыс Ішкі істер министрлігінің ұрлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомстволық бағдарламасы аясында жүргізіліп, профилактикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешенін қамтиды.

«Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп бөтеннің мүлкін ұрлау мен мал ұрлығына қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыруға бағытталған заңнамалық, ұйымдастырушылық және практикалық шараларды тұрақты түрде қабылдап келеді», – деді Сағындық Жантемиров.

Ұрлықтың едәуір бөлігі адамдар көп жиналатын орындарда – көшелерде, кіреберістерде, дүкендерде, базарларда, кафелерде және басқа да қоғамдық орындарда жасалады. Полицияның мәліметінше, кей жағдайда қылмысқа азаматтардың өз мүлкіне ұқыпсыз қарауы себеп болады. Атап айтқанда, жеке заттарды қараусыз қалдыру ұрлық жасауға мүмкіндік береді.

Қылмыстың алдын алудың негізгі құралдарының бірі – бейнебақылау. Бүгінде облыста 74 мыңнан астам камера бар, оның шамамен 25 мыңы жедел басқару орталықтары мен полицияның кезекші бөлімдеріне қосылған. Жыл басынан бері олардың көмегімен 278 қылмыс, оның ішінде жүзден астам ұрлық ашылды.

Мал ұрлығының алдын алуға да ерекше назар аударылуда. Биылғы сегіз айда мұндай қылмыстардың саны 18-ден 12 фактіге дейін төмендеген. Сонымен қатар жыл басынан бері шамамен 300 бас ауыл шаруашылығы жануары ұрланған.

Малдарды сәйкестендірудің болмауы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Ұрланған малдың шамамен 260 басы «Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру» базасында тіркелмеген. Бұл олардың тиесілігін анықтап, іздестіру жұмыстарын жүргізуді едәуір қиындатады.

Полиция мал ұрлығының тағы бір себебі ретінде бақылаусыз жайылымды атап отыр. Жыл басынан бері тіркелген барлық фактіде жануарлар еркін жайылымда болған.

«Бұл жағдай осындай қылмыстардың жасалуына себеп болатын негізгі факторлардың бірі», – деп атап өтті Криминалдық полиция басқармасының бастығы.

Полиция мал иелерін жануарларға тиісті бақылау жүргізіп, оларды уақтылы сәйкестендіруге шақырады. Сондай-ақ қараусыз жүрген мал мәселесіне де ерекше көңіл бөлу қажет. Өйткені бұл тек ұрлыққа емес, жол-көлік оқиғаларына, егістіктердің бүлінуіне және басқа да құқық бұзушылықтарға себеп болуы мүмкін.

Ақмола облысы
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleҚырғызстанда «75 хат» ісі бойынша үкім шықты: Қамшыбек Ташиев кінәлі деп танылды
Next Article Ақтөбенің айуаны: Шалқарда күдікті екі оқушыны соққыға жығып, үшіншісінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20263

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20261

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20263

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20261

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202657

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026377

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.