Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Шоу бизнес»«Ақшаң болса, кез келген нәрсені сатып аласың»: актер Алмат Сақатов қоғамдағы жемқорлық туралы айтты
Шоу бизнес

«Ақшаң болса, кез келген нәрсені сатып аласың»: актер Алмат Сақатов қоғамдағы жемқорлық туралы айтты

НұрланНұрлан08.10.2026155
Фото: әлеуметтік желі

Актер Алмат Сақатов қоғамдағы жемқорлыққа көзқарас, заңсыздыққа бой үйрету және ел болашағына деген жауапкершілік мәселесін көтерді. Ол қарапайым халықтың да жемқорлықты қалыпты құбылыс ретінде қабылдай бастағанына алаңдайтынын жеткізді, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Өз сөзінде актер таксимен келе жатып, жүргізушімен болған әңгімесін мысалға келтірді. «Бізде жемқорлық жоқ» деген пікірге қатысты ойын айта отырып, ол бір азаматпен сөйлескенін еске алды. Машинасы ескі, тұрмысы аса жақсы емес екенін байқаған жүргізушіден жемқорлықпен күресетін адамның өзі жемқорлық жасағаны үшін ұсталған жағдайға қатысты пікірін сұраған.

Сонда әлгі азамат:

«Енді оның орны біреудің баласына керек болған шығар. Өмір ғой», – деген.

Актердің айтуынша, дәл осы жауап қоғамда қалыптасқан қауіпті түсініктің бір көрінісі.

«Міне, біздің философиямыз осы», – дейді Алмат Сақатов ашуланып.

Оның пікірінше, адамдар отыз жыл ішінде ұрлау, алу, пара беру, сатып алу сияқты әрекеттерге үйреніп кеткен. Соның салдарынан қоғамда заңсыздықты қалыпты нәрсе ретінде қабылдау үрдісі пайда болған.

«Біз осы отыз жылдың ішінде ұрлауға, алуға, сатып алуға үйреніп кеткенбіз. Қазақстанда бәрі сатылады деген түсінік қалыптасып барады», – деді актер.

Алмат Сақатов сөзінің екінші бөлігінде ел басқарған азаматтарға қарата ой тастап, олардың болашақ алдындағы жауапкершілігіне тоқталды. Ол жуырда Ресейден келген бір азаматтың Қазақстан азаматтығын «сатып алғанын» айтқанын мысал ретінде келтіріп, ақшаға кез келген мәселені шешуге болатын түсініктің қоғамға қаншалықты қауіпті екенін жеткізді.

«Ақшаң болса, кез келген нәрсені сатып аласың», – деген актер бұл жағдайға бейжай қарамауға шақырды.

Ол биліктегі азаматтарға:

«Ей, басшылар, ұялмайсыңдар ма?», деп сауал қойды.

Актердің сөзінше, бүгін елден алыста өмір сүріп, шетелде жүрген адамдардың өзі түптің түбінде туған жеріне оралады.

«Ертең осы жерде өздеріңнің бала-шағаларың тұрады ғой. Қайтып келесіңдер бәрібір. Тым болмаса өлген әкең мен атаңның басына Құран оқуға келесіңдер ғой. Лондонда тұрасыңдар ма, Нью-Йоркте тұрасыңдар ма – түбі келесіңдер осы жерге», – деді ол.

Сақатовтың пікірінше, елдің бүгінгі жағдайы мен болашағына жауапкершілікпен қарау – тек қарапайым халықтың емес, мемлекет тізгінін ұстаған азаматтардың да міндеті.

«Болашақтарыңды ойламайсыңдар ма? Түсінбеймін», – деп түйіндеді актер.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleОралда көпқабатты үйдің төбесінен екі жасөспірім құлап, мерт болды
Next Article Валюталық салымдар бойынша мөлшерлемелер өзгерді. Енді қайсысы тиімді – теңгелік пе, әлде долларлық депозит пе?

Оқи отырыңыз...

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Тастап кеткеніне өкініп, жылап аламын»: Медеу Арынбаев жеке өміріне қатысты жан сырын ақтарды

30.10.202614

«Мөлдірді ренжітті»: Қостанайда Тұрсынбектің жарнамалық суретін жауып тастаған

30.10.2026146
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026336

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.