Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Оқиғалар»Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концертінен кейін қылмыстық іс қозғалды
Оқиғалар

Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концертінен кейін қылмыстық іс қозғалды

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы11.10.202653

Фото: ІІМ

10 қазанда Шымкентте өткен Қайрат Нұртастың концертінде кептеліс болып, көрермен жарақат алды. Полиция ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Шымкентте эстрада жұлдызы Қайрат Нұртастың концертінен кейін қылмыстық іс қозғалды. Кештегі кептеліс пен қауіпсіздік талаптарының сақталмауы салдарынан бір көрермен ауруханаға түскен.

Оқиға 10 қазанда болған. Шара барысында халықтың тым көп жиналуынан қатты сығылыс болып, салдарынан бір бойжеткен жарақат алды. Жедел жәрдеммен медициналық мекемеге жеткізілген тұрғын қазір дәрігерлердің бақылауында жатыр.

Әлеуметтік желі қолданушылары іс-шараның кіреберісіндегі ұйымдастыру кемшіліктері мен адам көптігінен туындаған кептеліске шағымданды. Билеті бар кейбір көрермен ішке кіре алмай қалса, енді біреулер билетсіз өткен. Сонымен қатар кіреберіс қақпалары бүлініп, көрермендер әлеуметтік желіде дене жарақаттары мен көгерген жерлерін көрсетті.

Шымкент қалалық полиция департаменті қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

 «Концертті ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді. Тергеу аясында оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, олардың әрекетіне заңды баға беріледі», – деп хабарлады тәртіп сақшылары.

Сервис өкілдері кешті ұйымдастырушы Show Service компаниясы екенін хабарлады. Өздері тек билет сатумен және волонтерлер жұмысымен айналысқанын, ал ғимаратты дайындау мен күзетке жауапты болмағанын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleЭр-Рияд әуежайына шабуыл: 12 адам қаза тапты
Next Article «Түк көрмеген жабайылар»: Шымкентте Қайрат Нұртастың концертінде тапталған қызды тонап кеткен

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202646

Асханасы лас, аспазшыларында вирус: «MasterFood» қызмет көрсеткен РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды

30.10.20269
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20261

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202646

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026312

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.