Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Алматы облысында Халықаралық жастар күніне орай 20 мың қатысушыны қамтитын 30-дан астам шара өтеді
Жаңалықтар

Алматы облысында Халықаралық жастар күніне орай 20 мың қатысушыны қамтитын 30-дан астам шара өтеді

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы10.08.20267

Халықаралық жастар күніне орай Алматы облысында жас буынның бастамалары мен жетістіктерін қолдап, зияткерлік әлеуеті мен экологиялық мәдениетін арттыруға арналған 30-дан астам шара өтеді, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Алдағы онкүндікте ұйымдастырылатын бастамаларға 20 мыңға жуық жас қатысады деп жоспарлануда.

Жыл сайын 12 тамызда аталып өтетін Халықаралық жастар күні олардың азаматтық жауапкершілігі мен заңға құрметін нығайтуға, қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған. Айтулы мереке қарсаңында Алматы облысының жастары зияткерлік ойындарға, форумдар мен фестивальдерге, экологиялық челлендждер мен қайырымдылық акцияларға атсалысып, өзара сынға түсіп, тәжірибе алмасады.

d6217bd0-78f8-4c5c-bfb8-94a51273176f.jpegІс-шаралар легі 10 тамыз – Абай күнінен бастау алады. Облыс көлемінде ұлы ойшылдың рухани мұрасын өскелең ұрпақ бойына сіңіріп, мәнін терең түсіндіру мақсатында түрлі танымдық шаралар ұйымдастырылады. Сонымен қатар сыни ойлау қабілетін жетілдіріп, шешендік өнерге баулитын «Ziatker» пікірсайысшылар форумы мен «Abai quiz» интеллектуалды ойыны өтеді.

Мемлекет басшысы жариялаған «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» аясында өңір жастары арасында ұйымдастырылған «Digital Pro» жасанды интеллект көмегімен жасалған бейнероликтер байқауы мәресіне жетіп, жеңімпаздар анықталады.

Бұдан бөлек, екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған ауылдық округтердегі үздік жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушыларға арналған «Umtylys» сыйлығын табыстау рәсімі өткізіледі.

Онкүндік аясында «Халықаралық волонтерлер жылына» орайластырылған «Volunteer Fest» облыстық еріктілер слеті және жастар ұйымдары мен көшбасшыларды бір арнаға тоғыстыратын «Jas Qadam» форумы жоспарланған.

9757bfe1-b932-43c0-b139-478509271145.jpegМерекелік күндер ашық аспан астындағы кинокөрсетілімдер, спорт турнирлері және жастарды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жәрмеңкесімен жалғасын табады.

Айта кетейік, бүгінде Алматы облысында 432 мыңнан астам жас тұрады. Бұл көрсеткіш өңір халқының шамамен 30 пайызын құрайды. Сондықтан жастарды қолдау облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарының бірі болып қала береді.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Масқара ғой!»: Жанар Айжанованың күйеу баласына ұрысып жатқан жазбасы тарады (ВИДЕО)
Next Article Маңғыстауда Каспий теңізіне май төгілді: Экологтар не дейді

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202652

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026348

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.