Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Білім & ғылым»Алматы облысында Республика күні қарсаңында 35 азамат мемлекеттік марапатқа ие болды
Білім & ғылым

Алматы облысында Республика күні қарсаңында 35 азамат мемлекеттік марапатқа ие болды

НұрланНұрлан23.10.202615
Фото: gov.kz

Алматы облысында Республика күні қарсаңында мұғалім, дәрігер, жұмысшы маманы және өзге де сала үздіктерінен құралған 35 азамат марапатталды. Оларға «Парасат», «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медалі, сондай-ақ «Мемлекеттік қызмет ардагері» атағы берілді. Оның ішінде қос бірдей азамат мемлекеттік награданы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан алды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.  

Қонаев қаласында өткен мерекелік шараға Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов қатысып, жиналған қауымды Республика күнімен құттықтады.

«25 қазанда Мемлекеттік суверенитет туралы Декларацияның қабылдануы – халқымыздың тарихи таңдауын айқындаған, дербестігін төрткүл дүниеге жария еткен айрықша сәт. Елдігіміздің алтын діңгегі болған осы қастерлі күннің маңызын ескере отырып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнін атап өту дәстүрін қайта жаңғыртты, Ұлттық мереке мәртебесін берді. Биыл мемлекетіміз үшін тағы бір айтулы белес – Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 35 жылдығы. Осы бір ширек ғасырдан астам уақыт азаттығымызды бекемдеп, еңсемізді тіктеген кезең болды. Осынау ұлы көште Алматы облысының да өзіндік өрелі үлесі бар. Алдымызда халықтың тұрмысын одан әрі жақсартып, елімізді озық мемлекеттер қатарына қосу жоспары тұр. Бұл – ұлт тағдыры мен келер буын алдындағы жауапкершілік», – деді Шыңғыс Сайранұлы.

Марапатқа ие болғандардың бірі – білім саласында ұзақ жыл еңбек еткен ұстаз Гүлнар Асқарбаева.

«Ұлттық мереке қарсаңында «Шапағат» медалімен марапатталдым. Бұл мен үшін – үлкен жауапкершілік әрі жоғары мәртебе. Мұның артында тұтас бір ұжымның үлкен еңбегі мен ізденісі жатыр. Тынбай істеген жұмысың бағаланғанда, қанаттанып, ұлы істерді атқаруға деген талпынысың оянады. Сондықтан бұл сый-құрметті иеленгеніме өте қуаныштымын. Осы орайда, барша халықты Ұлттық мерекемен құттықтаймын. Бейбітшілігіміз бен егемендігіміз мәңгі болсын», – деді ұстаз.

Айта кетейік, Алматы облысында Республика күні аясында 200-ден астам іс-шара өтеді. Әр аудан, қалада зияткерлік ойындар және ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері, спорт жарыстары мен турнирлер, концерттер мен көрмелер, сенбіліктер мен қайырымдылық іс-шаралары ұйымдастырылып жатыр.  Бірқатар елді мекенде жаңа әлеуметтік нысандар ашылып, тұрғындардың игілігіне бағытталған жобалар іске қосылды. Шаралар легі алдағы күндері де жалғасын табады.

Алматы
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Немеремді құшақтап, жылап жібердім»: 75 жастағы бапкер мемлекеттік награда алған сәтін еске алды
Next Article «9 жыл бір шаңырақ астындамыз»: Гүлзираның келіні бөлек тұруға қатысты ойын айтты

Оқи отырыңыз...

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026258

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.20269

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.20268
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202642

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026258

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.20269

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.20268

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202616

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202614

Оқушылары жаппай уланған Республикалық физика-математика мектебі екінші тоқсанда да ашылмайды

30.10.202611

Асханасы лас, аспазшыларында вирус: «MasterFood» қызмет көрсеткен РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды

30.10.20269

Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

30.10.20268

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.