Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Алматы – Орталық Азиядағы тау туризмінің жаңа орталығын қалыптастыруда
Жаңалықтар

Алматы – Орталық Азиядағы тау туризмінің жаңа орталығын қалыптастыруда

НұрланНұрлан24.09.20266
Фото: ашық дереккөз

Алматыда тау туризмін дамыту, туристік инфрақұрылымды жаңғырту және қаланың таулы аймақтарының туристік әлеуетін арттыру бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Жобаның негізгі бағыттарының бірі – Алматының тау бөктері мен таулы аумақтарын заманауи туристік кеңістікке айналдыру. Бұл ретте табиғи ландшафттарды сақтай отырып, жыл бойы жұмыс істейтін туристік инфрақұрылымды қалыптастыруға басымдық берілуде.

Тау кластерін дамыту аясында Almaty Super Ski жобасына ерекше назар аударылуда. Жоба Алматының таулы аймақтарында заманауи шаңғы және туристік инфрақұрылымды қалыптастыруды көздейді. Оның іске асырылуы қысқы спорт түрлерімен қатар, жазғы тау туризмін де дамытуға мүмкіндік береді.

Жоба аясында тау шаңғысы трассаларын, көтергіштерді, туристік нысандарды және қажетті инженерлік инфрақұрылымды дамыту қарастырылуда. Нәтижесінде туристер үшін қауіпсіз әрі қолайлы демалыс жағдайларын қалыптастыру көзделеді.

Тау кластерін дамыту тек туристік инфрақұрылыммен шектелмейді. Жаңа туристік нысандардың ашылуы шағын және орта бизнестің дамуына, жаңа жұмыс орындарының құрылуына, қызмет көрсету саласының кеңеюіне және жергілікті кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктердің пайда болуына ықпал етеді.

Сонымен қатар Алматының тау туризмін халықаралық деңгейде ілгерілетуге мүмкіндік артады. Қаланың табиғи әлеуеті мен дамып келе жатқан инфрақұрылымы оны Орталық Азиядағы жыл бойы жұмыс істейтін тау туризмі орталықтарының біріне айналдыруға бағытталған.

Бүгінде тау кластерін дамыту бойынша мемлекеттік органдар, Алматы қаласының әкімдігі, Kazakh Tourism Development және басқа да мүдделі ұйымдар арасында үйлестірілген ақпараттық және ұйымдастырушылық жұмыстар жүргізілуде.

Ақпараттық сүйемелдеу аясында тау туризмінің экономикалық және әлеуметтік маңызы, жаңа жұмыс орындары, кәсіпкерлік мүмкіндіктер, туристік ағынды арттыру және Алматының бірыңғай туристік кеңістігін қалыптастыру мәселелеріне басымдық берілуде.

Алматының тау кластерін дамыту – қаланың туристік әлеуетін арттырумен қатар, тұрғындар мен қонақтарға жаңа демалыс мүмкіндіктерін ұсынатын, бизнестің дамуына серпін беретін және өңір экономикасына қосымша мүмкіндіктер қалыптастыратын ұзақ мерзімді бағыт.

Алматы туризм
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleШұғыл!: Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің аты-жөні жарияланды (ТІЗІМ)
Next Article Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты

Оқи отырыңыз...

Алматы – Токио тікелей әуе рейсі бойынша алғашқы ұшақ 30 қарашадан бастап ұшады

03.10.20260

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Токио тікелей әуе рейсі бойынша алғашқы ұшақ 30 қарашадан бастап ұшады

03.10.20260

«Отбасыны талан-таражға салуға болмайды»: Айгүл Иманбаева елді дүрліктірген блогерлерді сынады (ВИДЕО)

03.10.20263

Жайқалған жағажай, ағылған туристер: Қонаев халқы Қала күнін тойлап, өңірдің дамуы жайлы мәлімет алды

03.10.20261

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20261

AI жаһандық экономиканың жаңа инфрақұрылымына айналуда

02.10.20265

«Ол кісінің басқа отбасы бар»: Жұлдыз Өмірғали өміріндегі ауыр кезең туралы айтып, жылап жіберді (ВИДЕО)

02.10.2026836

Шымкентте балаларды алдап, интимдік фото сұраған ер адам ұсталды

02.10.202613

Мемлекет басшысы Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады

02.10.20260

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.