Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Алматылық ардагерлер Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырды
Жаңалықтар

Алматылық ардагерлер Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырды

Марья АйдарбаеваМарья Айдарбаева05.08.202613
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда қалалық Ардагерлер кеңесі Президиумының кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды Muztaumedia.kz. 

Жиынға Президиум мүшелері, аудандық Ардагерлер кеңестерінің төрағалары және қалалық ардагерлер ұйымдарының белсенді өкілдері қатысып, алдағы Құрылтай сайлауына ардагерлердің қатысуын ұйымдастыру мәселесін талқылады.

Алматы қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақан Бижанов баяндама жасап, күн тәртібіндегі мәселелерге тоқталды. Ол қалалық және аудандық Ардагерлер кеңестерінің алдағы кезеңдегі негізгі міндеттері мен жұмыс бағыттарын айқындады.

«Ардагерлер — қоғамдағы бірлік пен сабақтастықтың, елдік құндылықтар мен өмірлік тәжірибенің алтын көпірі. Олар жас ұрпаққа бағыт-бағдар беріп, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайтуға үлес қосып келеді. Сондықтан алдағы Құрылтай сайлауында ардагерлердің азаматтық белсенділігі ерекше маңызға ие. Біз әрбір ардагерді және қала тұрғындарын сайлауға белсенді қатысып, өз таңдауын жасауға шақырамыз. Бұл — еліміздің болашағына деген жауапкершілігімізді көрсететін маңызды қадам», — деді Бижанов.

Жарыссөз барысында аудандық Ардагерлер кеңестерінің төрағалары мен өзге де қатысушылар пікірлерін білдірді.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша ардагерлер мен тұрғындардың алдағы сайлауға белсенді қатысуын қамтамасыз ету, сондай-ақ түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Алматы қалалық Ардагерлер кеңесінің штабы құрылды.

Отырыс қорытындысында Алматы қалалық және аудандық Ардагерлер кеңестерінің алдағы міндеттері мен жұмыс бағыттарын айқындайтын тиісті шешімдер қабылданды.

Алматы ардагер Құрылтай
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleЖемқорлардан қайтарылған 5 млрд теңге Ақтөбе облысын ауыз сумен қамтамасыз етуге жұмсалатын болды
Next Article 3,1 млрд теңге: «Семей орманы» қаражатты қайтару үшін «Қазақтелекоммен» соттасып жатыр

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20261

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20261

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202646

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026313

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.