Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Алжудың белгілерін анықтау: Алматылық психиатр өзекті мәселені көтерді
Жаңалықтар

Алжудың белгілерін анықтау: Алматылық психиатр өзекті мәселені көтерді

НұрланНұрлан06.10.202614
Фото: ЖИ

Адам жасы келген сайын ұмытшақ болып, маңайындағы адамдардың атын, тіпті қолында ұстап жүрген кілтті де қайда қойғанын ұмытып қалып жатады. Бірақ мұндай өзгерістің бәрін аурудың белгісіне жатқызуға болмайды. Алайда есте сақтаудың табиғи жасқа байланысты өзгерісі мен медициналық көмекті қажет ететін тұсының арасындағы маңызды шекараны білу қажет, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Алжу — есте сақтау мен басқа да когнитивтік функциялар бұзылып, адамның күнделікті міндетін өз бетінше орындауы қиындайтын синдром. Бұл көбіне біртіндеп үдей беріп, адамның күндегі өміріне әсер ете бастайды.

Алматының штаттан тыс бас психиатры Наби Есімовтің айтуынша, ұмытшақтықтың өзі адамның алжығанын білдірмейді. Мұнда аурудың қаншалықты айқын екеніне, оның уақыт өте қалай өзгеретініне, адамның өз бетінше өмір сүру қабілетіне қаншалықты әсер ететініне назар аудару керек.

Қалыпты қартаю кезінде адам қажетті сөзді немесе таныс адамның атын ұзағырақ уақыт еске түсіруі мүмкін. Бірақ сонымен бірге ол таныс ортада бағдарын сақтайды, тамақ дайындай алады, сауда жасағандда өзі төлейді, өзі шешім қабылдап, күнделікті үй шаруасын да өзі орындай береді.

Деменция кезінде адам затты қайда қойғанын ұмытып қана қоймай, оны қалай пайдаланатынын да түсінбей қалуы мүмкін. Жақында болған оқиға мен әңгіме естен шығып, бір сұрақты бірнеше рет қайталап сұрайды, коммуналдық төлемді төлегенде, дәрі-дәрмек ішкенде, күнделікті жұмысты жоспарлаған кезде қиындыққа тап болып, қинала бастайды.

Туыстары ең алдымен байқайтын өзгерістің бірі — жақында болған оқиғаны есте сақтаудың нашарлауы. Бұл ретте адам өзінің өткен өміріндегі, бұрын болған оқиғаны ұмытпай, жақсы есте сақтап қалуы әбден мүмкін.

Уақыт пен кеңістікте бағдарланудың қиындауы да алаңдатуы тиіс. Мысалы, қарт адам күнді шатастыра бастайды, аптаның қай күні екенін ұмытады, бұрыннан жақсы білетін ауданда адасып қалып, үйін таба алмай жүреді.

Тағы бір белгі — сөйлеу қабілетінің өзгеруі. Адам күнделікті қолданатын сөзді таба алмай, әңгімені жалғастыруда немесе әңгімелесушінің сөзін түсінуде қиналады. Уақыт өте келе мінез-құлқы, қызығушылығы мен көңіл-күйі, эмоциясы да өзгеруі мүмкін.

Өз бетінше шешім қабылдау қабілетінің төмендеуіне де ерекше назар аудару қажет. Бұған дейін ақшасын және тұрмыстық мәселесін сенімді түрде басқарып келген адам кенеттен әдеттен тыс заттарды сатып ала бастаса, төлемді ұмытып кетсе немесе дәрі-дәрмегін дұрыс ішпесе, дәрігерге қаралуды кейінге қалдырмаған жөн.

Сонымен қатар мамандар есте сақтау қабілетінің нашарлауы әрдайым деменциямен байланысты бола бермейтінін атап көрсетеді. Когнитивтік функцияларға ұйқының бұзылуы, депрессиялық жағдайлар, кейбір аурулар, ішіп жүрген дәрі-дәрмегі мен басқа да факторлар әсер етуі мүмкін. Сондықтан бірнеше белгіге қарап өз бетінше диагноз қоюға болмайды.

«Егер өзгеріс тұрақты сипат алып, біртіндеп күшейсе және адамның бұрынғы күнделікті істерін өз бетінше орындауына кедергі келтіре бастаса, дәрігерге қаралып, тексеруден өту қажет», — дейді Наби Есімов.

Медициналық көмекке ерте жүгіну тек деменция диагнозын растау немесе жоққа шығару үшін ғана керек емес. Кей жағдайда есте сақтау қабілетінің бұзылуы түзетуге болатын себептермен байланысты болуы мүмкін. Сонымен қатар дер кезінде қойылған диагноз отбасы мүшелеріне болашақта адамға қандай көмек қажет болуы мүмкін екенін алдын ала түсінуге сеп болады.

Сондықтан есте сақтаудағы кез келген өзгерісті жасы келгеннен көрмеу керек. Таныс адамның атын ұмытып қалу — кез келген адамның басынан өтетін қалыпты жағдай. Ал сол адамның кім екенін үнемі ұмыта беру — назар аударуды қажет ететін белгі. Кез келген адам кілтті қайда қойғанын ұмытып қалуы мүмкін. Ал біртіндеп кілтті қалай пайдалану керегін түсінбей қалу немесе өз пәтерінде бағдардан жаңылу — маманға жүгінуге себеп.

Алматы психиатр
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Құрбысының баласын ернінен сүйген»: Астанадағы видео қызу талқыға түсті (ВИДЕО)
Next Article Адам жазбағанын анықтап береді: ChatGPT мәтіндерге жасырын белгі қоя бастайды

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026336

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.