Танымал әнші Бағым Мақсатқызы кекесінді түрде күтпеген жазба жариялады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпарат порталы.
Ол бала кездегі фотосын жариялаған.
«Бұл — менің балалық шағым! Көпшілік сияқты менің де балалығым калош, халат және өте мейірімді итпен өтті. Отбасымыздың ешқайсысы да алтын бесікте дүниеге келген жоқ!», — деп жазды ол.
