Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Қоғам»Аруды алдаған арсыздар: Алматыда пәтерін жөндетіп жатқан бойжеткенді жұмысшылары тонап кетті (ВИДЕО)
Қоғам

Аруды алдаған арсыздар: Алматыда пәтерін жөндетіп жатқан бойжеткенді жұмысшылары тонап кетті (ВИДЕО)

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы19.10.2026297

Фото: скриншот

Алматы тұрғыны пәтеріне жөндеу жұмысын жасатамын деп, төрт кондиционер мен жуынатын бөлмеге арналған екі қымбат сантехникасынан айырылып қалды. Бұл туралы бойжеткен «Threads» желісінде жазды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Оның сөзінше, үйіне келген арнайы маман қабырғаны кондиционер орнатуға бірнеше күн бойы дайындаған. Кейін  пәтердің құпия кодын біліп алып, түнде мүлікті алып кеткен.

Ұрланған заттардың ішінде әрқайсысы 180 мың теңге тұратын төрт кондиционер мен  жалпы құны шамамен 1 млн теңге болатын сантехника жоғалған. Осылайша, бойжеткенге 1,7 млн теңге шығын келген

Әйелдің сөзінше, күмәнді жағдайды тұрғын үйдің күзетшісі байқап, заттарды алып шыққан адамдардың бет-бейнесі мен көліктің нөмірін телефонға түсіріп алған. Онда бірнеше ер адамның заттарды көлікке тиеп жатқанын байқауға болады.

«Мен жұмыс істеймін, ақша табамын, жөндеуге қажет заттарды сатып алып, жұмыстың ақысын алдын ала төлеймін, адамдарға сенемін. Ал түптің түбіне келгенде осындай жағдайға тап болдым», – деп жазды ол.

Тұрғынның полицияға арызданған-арызданбағаны әзірге белгісіз. Дегенмен, редакция осы видеоға қатысты Алматы қаласының полиция департаментіне сұрау салды.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleХалықаралық іздеуде жүрген: алаяқтықпен айналысып жүрген 13 қытайлық ұсталды
Next Article Алматы мен Түркістан облысында заңсыз ломбардтан байыған әйелдің 21 пәтері анықталды

Оқи отырыңыз...

«Маған ренжімеңіздерші»: елімізді әлем алдында қорлаған «Борат» қазақстандықтардан кешірім сұрады (ВИДЕО)

29.10.202619

Басты қоздырғыш шынайы дыбыстар: Сексологтар төсекте үнсіз қалатын әйелдерге кеңес берді

23.10.2026552

«Немереме келін іздеп жүрмін»: Тоқаевтың қолынан «Отан» орденін алған Алтынбек Қоразбаев журналист қызға «құда түсті» (ВИДЕО)

23.10.20261 045
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202642

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026258

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.20269

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.20268

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202616

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202614

Оқушылары жаппай уланған Республикалық физика-математика мектебі екінші тоқсанда да ашылмайды

30.10.202611

Асханасы лас, аспазшыларында вирус: «MasterFood» қызмет көрсеткен РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды

30.10.20269

Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

30.10.20268

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.