Танымал әнші Жігер Ауыпбаев жас жарына ерекше сыйлық жасап, оны кіші қажылыққа жібермек. Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.
Әнші жұбайына кіші қажылыққа жолдама сыйлаған. Ол бұл сыйлықты жарының көптен бергі арманын орындау үшін жасағанын жеткізді.
«Жұбайымның гештальтін жабу үшін», – деп жазды Жігер Ауыпбаев.
Жары Мұмина күтпеген сыйлықты көріп, көз жасына ерік берген.
Желі қолданушылары жас жұбайларға ақ тілегін білдіріп, түрлі пікір қалдырды.
«Бақытты болыңдар», «Ниеттерің қабыл болсын», «Жұғысты болсын», «Арыстандай ақырып шыққаны несі?» – деп жазды оқырмандар.


