Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Басты ақпарат»Астанада көші-қон қызметі бастығының орынбасары Әлия Мақаева ұсталды
Басты ақпарат

Астанада көші-қон қызметі бастығының орынбасары Әлия Мақаева ұсталды

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы03.08.2026310
Фото: Астана полиция департаментінің фотосы

Астана қаласы Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Әлия Мақаева қылмыстық іс аясында ұсталды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде полиция қызметкерінің заңсыз көші-қонды ұйымдастырды деген күдікке ілінгені туралы ақпарат тараған болатын. Сондай-ақ тергеу шетел азаматтарына Қазақстанда тұруға ықтиярхаттарды заңсыз рәсімдеу деректеріне қатысты жүргізіліп жатқаны айтылды.

Бейресми мәліметтерге сәйкес, іске бірнеше мемлекеттік органның өкілдері де қатысы болуы мүмкін. Тергеуді Ішкі істер министрлігінің өзіндік қауіпсіздік бөлімшелері Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп жүргізіп жатыр.

ҰҚК аталған ақпаратқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын растады.

«Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген ҰҚК баспасөз қызметінің ресми жауабында.

Әлия Мақаева Ресейдің Новгород облысында дүниеге келген. 2001 жылы Орал мемлекеттік заң академиясының заң факультетін тәмамдап, сол жылы ішкі істер органдарындағы қызметін бастаған.

Еңбек жолын Астана қаласы Алматы аудандық ішкі істер басқармасының тәрбие және кадр жұмысы бөлімшесінде инспектор ретінде бастаған.

2004–2018 жылдары Есіл аудандық ішкі істер басқармасының көші-қон полициясы бөлімінде аға инспектор, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, сондай-ақ елордалық полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасындағы азаматтық және иммиграция бөлімінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы қызметтерін атқарған.

2022 жылдың наурыз айында азаматтық және иммиграция бөлімінің басшысы болып тағайындалса, кейін Көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары қызметіне көтерілді.

Айта кетейік, ІІМ-нің 2022 жылғы ресми жарияланымында Әлия Мақаева полиция қызметкері үшін ең маңызды қасиеттер ретінде «адалдық, ұстамдылық пен төзімділікті» атаған болатын.

Ашық дереккөздердегі соңғы мәліметке сәйкес, 2024 жылдың қаңтарында ол полиция подполковнигі шенінде болған. Ұсталған кездегі арнайы шені ресми түрде нақтыланбады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабына сәйкес, соттың заңды күшіне енген үкімі шыққанға дейін кез келген адам кінәсіз деп есептеледі.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article140 мың азаматты жалған тіркеген: МӘМС қорынан миллиардтаған теңгенің қалай ұрланғаны анықталды
Next Article Қазақстан табиғатына 70 жылдан кейін алғаш рет амур жолбарысы жіберілді

Оқи отырыңыз...

«Алтай өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі»: Тоқаев Түркия төрінде Путинге тағы үндеу тастады

30.10.2026368

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі  

30.10.20265

Анкара сапары: Тоқаев пен Ердоған не туралы сөйлесті?

30.10.202644
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20263

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202653

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026351

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.