Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Оқиғалар»Қазақ өнері қара жамылды: Қазақтың аяулы ақыны Бекжан Әшірбаев бақилық болды
Оқиғалар

Қазақ өнері қара жамылды: Қазақтың аяулы ақыны Бекжан Әшірбаев бақилық болды

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы14.08.2026435

Қазақтың аяулы ақыны Бекжан Әшірбаев бақилық болды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Суырып салма, әрі жазба ақындығымен жыр сүйер қауымның көңілін жаулаған, талант иесі Бекжан Әшірбаев 52 жасқа қараған шағында мезгілсіз қайтыс болды.

— Жүрегі Қазақ деп соққан, ірі азамат еді. Елуден енді ғана асқанла… Бекжан Әшірбаев ағамыз ұлттық руһаният алыбының бірі болатын. Арманы көп еді, ғылыми диссертациясын да бүгін-ертең қорғағалы жүрген болатын. Жеткізбеді ғой… Қош, аға!, — деп жазды белгілі журналист Ержан Төлек. 
Бекжан Әшірбаев ақын ғана емес, көптеген танымал әндердің авторы, композитор. Сөзге сараң, ойға бай, сабырлы, байсалдылығымен де ерекшеленіп тұруымен өз бағасын алған ақын.

Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Бекжан Әшірбаев 52 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлады Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметі. 

Бекжан Әшiрбаев 1974 жылы Оңтүстiк Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы, «Ленин жолы» ұжымшарында дүниеге келген.

1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнiң журналистика факультетiн үздiк бiтiрген. Сол жылдан берi аталмыш бiлiм ордасында қызмет атқарып келді. Журналистика саласында елеулі еңбек етті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың республикаға тарайтын «Қазақ университетi» газетiнiң бас редакторы (2002-2006); Республикалық «Azamat.kz» қоғамдық-саяси апталығы бас редакторының бiрiншi орынбасары (2005-2006); Республикалық «Ел мен Жер» қоғамдық-саяси апталығының бас редакторы (2006); Республикалық «Жас қазақ үнi» газетi бас редакторының орынбасары (2007); Қазақстан Жазушылар Одағына қарасты республикалық «Қазақ әдебиетi» газетi бас редакторының бiрiншi орынбасары т.б. қызметтерді атқарды.

Қазақстан Журналистер одағының мүшесi. Республикалық «Қазақ әдебиетi», «Жұлдыз», Жас қазақ үнi», «Azamat.kz», «Парасат» басылымдарында топтама өлеңдерi жарияланды. 2008 жылы «Жазушы» баспасынан мемлекеттік тапсырыс бойынша жарық көрген «Қоңыр әуен» өлеңдер кітабының және өзге де жыр жинақтарының авторы.

Ол қазақ айтыс өнеріне рефорома орнатқан дарынды айтыскер ақын болды. Оның көптеген әндерін танымал әншілер тұрақты түрде орындап келеді.

айтыскер ақын Бекжан Әшірбаев композитор қаза Мақтаарал
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleШоу ертеңге шегерілді: Канье Уэсттің Алматыдағы концерті өтпей қалды
Next Article «Қазақ еліне қайғырып көңіл айтамын»: Айнұр Тұрсынбаева жоқтау жазба жариялады

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202657

Асханасы лас, аспазшыларында вирус: «MasterFood» қызмет көрсеткен РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды

30.10.20269
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20263

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20261

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202657

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026373

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.