Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Қазақстанда 200-ден астам адам жәрдемақы алудан бас тартқан
Жаңалықтар

Қазақстанда 200-ден астам адам жәрдемақы алудан бас тартқан

НұрланНұрлан16.10.20261
Фото: Ашық дереккөз

Қазақстанда тұрмысы жақсы азаматтар әлеуметтік төлемдерден өз еркімен бас тарта алатын сервис әзірленіп жатыр. Жаңа функцияны eGov Mobile қосымшасына енгізу жоспарланған. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектеновтің қатысуымен өткен кеңесте белгілі болды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz .

Үкіметтің мәліметінше, SMS-хабарламалардан кейін 200-ден астам қазақстандық жәрдемақыға мұқтаж емес екенін айтып, төлемдерден бас тартқан. Енді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл рәсімді онлайн форматта жүзеге асыруды ұсынып отыр.

Бұл бастама әлеуметтік қолдау жүйесін реформалауға байланысты қолға алынған. Билік кейбір төлемдерді тағайындау кезінде отбасылардың материалдық жағдайын ескеруді көздейді.

Осы мақсатта 30-дан астам мемлекеттік ақпараттық жүйедегі мәліметтерді біріктіретін «Отбасының цифрлық картасы» қолданылады. Қазір онда 6,2 миллион үй шаруашылығындағы 20 миллионнан астам азамат туралы ақпарат бар.

Олжас Бектенов отбасының әл-ауқат деңгейін анықтайтын калькуляторды жетілдіруді тапсырды. Қажетті мәліметтер мемлекеттік дерекқорлардан автоматты түрде жүктеледі деп жоспарланып отыр.

– Біз әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін мұқтаждық пен атаулылық қағидатына көшіруге бағытталған ауқымды реформа жүргізіп жатырмыз. Бұл ретте өмірлік қиын жағдайға тап болған әрбір отбасы қажетті көмекті толық көлемде ала береді. Мұқтаж азаматтарға арналған мемлекеттік қолдау шаралары толығымен сақталады, – деді премьер-министр.

Бектенов министр
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleТоқаев сирек кездесетін жануарлар мен биоалуантүрлілікті қорғау қорын құруды ұсынды
Next Article БҚО-да мотоцикл жүргізушісі апатқа ұшырады: ол ауруханада көз жұмды

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026336

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.