Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Басты ақпарат»Әділетті Қазақстанды бірге қалыптастыру: министр Балаева жастарға сенім артып, оларға көрсетіліп жатқан қолдау жайлы айтты
Басты ақпарат

Әділетті Қазақстанды бірге қалыптастыру: министр Балаева жастарға сенім артып, оларға көрсетіліп жатқан қолдау жайлы айтты

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы12.08.202616
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ел тұрғындарын Халықаралық жастар күнімен құттықтады, деп жазады Muztaumedia.kz.

Министр елімізде қанша мың жас отбасының жеңілдікпен баспаналы болғанын айтты. Оның сөзінше, ел аумағында алты миллиноға жуық жастар тұрады.

— Құрметті достар!

Баршаңызды Халықаралық жастар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Жастар – еліміздің ең басты жасампаз күші. Бүгінде Қазақстанда 5,8 миллионнан астам жас азамат тұрады. Бұл – ел халқының үштен біріне жуық бөлігі. Қазақстанның ертеңі, мемлекеттің алдағы даму бағыты ең алдымен бүгінгі жас ұрпақтың біліміне, білігіне, азаматтық ұстанымы мен бастамашылдығына байланысты.
Адами капиталды дамыту, білім мен ғылымды өркендету, инновацияны қолдау Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында мемлекетті дамытудың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалды. Бұл жастарға үлкен мүмкіндік беріп қана қоймай, оларға артылған сенім мен жауапкершіліктің де жоғары екенін көрсетеді. Ендігі міндет – осы мүмкіндікті тиімді пайдаланып, білім мен еңбекті серік етіп, Әділетті Қазақстанды бірге қалыптастыру.
Мемлекет басшысының бастамасымен жастар саясатына тың серпін берілді. Жастар санатына жататын азаматтардың жасы 35-ке дейін ұлғайтылып, мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылатын азаматтардың қатары едәуір кеңейді.
Бүгінде жастардың сапалы білім алуына, жұмысқа орналасуына, кәсіп бастауына, баспаналы болуына, волонтерлік қызметпен айналысуына және қоғамдық бастамаларға белсене араласуына жан-жақты жағдай жасалып келеді. Бұл жұмыстың нақты нәтижелері де бар.
«Наурыз» және «Отау» жеңілдетілген несие бағдарламалары арқылы 5,4 мыңнан астам жас қазақстандық мемлекеттік қолдауға ие болды. Өңірлік тұрғын үй бағдарламаларының аясында 7,2 мыңнан астам жас отбасы мен жас маман баспаналы болды. Биыл «Жасыл ел» жобасы бойынша 35 мыңнан астам жас маусымдық жұмыспен қамтылды.
Дарынды әрі талапты жастарды қолдау ісі де жүйелі түрде жалғасып келеді. Жыл сайын «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты жас азаматтардың тың жобалары мен бастамаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ал мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығы өз саласында үздік нәтиже көрсеткен жаңа буын өкілдеріне табысталады.
Жастардың ел өміріне белсенді араласуының маңызы ерекше. Бүгінде мыңдаған жас волонтерлікпен айналысып, әлеуметтік бастамаларды жүзеге асырып, «Таза Қазақстан» жобасына атсалысып жүр. Осындай нақты істер арқылы олар қоғамның дамуына, ел бірлігі мен ортақ құндылықтардың нығаюына өз үлесін қосуда.
Қазір елімізде 400-ден астам жастар ұйымы және 235 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді. Бұл ұйымдар жастардың бастамаларын қолдауға, олардың қабілеті мен әлеуетін ашуға, қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік беріп отыр.
Қазақстан бүгінде цифрлық даму, жаңа технологиялар мен жасанды интеллектіні кеңінен енгізу кезеңіне қадам басты. Бұл үдерісте жастардың рөлі айрықша. Жаңа технологияны игеру, тың идея ұсыну, отандық ғылым мен технологиялық кәсіпкерлікті дамыту арқылы жас ұрпақ еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға зор үлес қоса алады.
Алда еліміз үшін аса маңызды тарихи кезең – Құрылтай сайлауы тұр. Партиялық тізімдерде жас кандидаттардың аз емес екені ерекше қуантады. Бұл жастардың азаматтық белсенділігі артып, ел болашағына жауапкершілікпен қарауға және мемлекет дамуына тікелей атсалысуға дайын екенін көрсетеді.
Қадірлі жастар!
Сіздердің білімдеріңіз бен жігерлеріңіз, жауапкершіліктеріңіз бен жаңалыққа ұмтылыстарыңыз – Қазақстанның келешегіне салынған ең үлкен капитал.
Біз сіздерге сенеміз, жетістіктеріңізді мақтан тұтамыз және әрбір игі бастамаларыңызды қолдаймыз.
Алдарыңыздан әрдайым жаңа мүмкіндіктер ашылып, армандарыңыз орындала берсін. Сіздердің әрбір табыстарыңыз еліміздің ортақ жетістігіне айналсын!
Халықаралық жастар күні құтты болсын!
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Осыны да елге көрсету керек пе?!»: Баян Алагөзованың күйеуімен түскен суреттері елге жақпай қалды (ФОТО)
Next Article «Управляют низкие люди»: Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі «Respublica» партиясының төрағасы Қожаназаровты сынға алды

Оқи отырыңыз...

«Алтай өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі»: Тоқаев Түркия төрінде Путинге тағы үндеу тастады

30.10.2026368

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі  

30.10.20265

Анкара сапары: Тоқаев пен Ердоған не туралы сөйлесті?

30.10.202644
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20263

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202653

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026351

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.