Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Қазақстанда кредиттік рейтинг агенттіктерінің қызметін реттейтін жаңа заң қолданысқа енгізілді
Жаңалықтар

Қазақстанда кредиттік рейтинг агенттіктерінің қызметін реттейтін жаңа заң қолданысқа енгізілді

НұрланНұрлан30.10.20261
Фото: ЖИ

Қазақстанда кредиттік рейтинг агенттіктерінің қызметін реттейтін алғашқы заң күшіне енді. 21 қазаннан бастап қолданысқа енген құжат отандық, халықаралық және шетелдік рейтингтік агенттіктердің мәртебесін, жұмыс тәртібі мен оларға қойылатын талаптарды айқындайды. Жаңа заң қазақстандық компаниялардың инвестиция тарту мүмкіндігін кеңейтіп, қаржы нарығындағы ашықтықты арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.  

Жаңа бастаманың мәні мен артықшылықтары «Қаржы нарығы» бағдарламасында талқыланды. Экономист Бауыржан Ысқақовтың айтуынша, рейтингтік агенттіктер банктерге кәсіпорындардың қаржылық жағдайын бағалап, инвестиция салу кезінде тәуекелдерді ескеруге көмектеседі.

Рейтингтік агенттіктер инвестиция тарту кезінде банктерге белгілі бір кәсіпорынға немесе бизнеске қаржы бөлу туралы шешім қабылдауға көмектесетін құрал саналады. Қазақстанда осындай агенттіктердің болуы отандық банктерге елімізде тіркелген кәсіпорындардың қаржылық жағдайын рейтинг көрсеткіштері арқылы бағалауға мүмкіндік береді. Мемлекеттік органдар да қай салаға инвестиция салу керек, қай бағыт қолдауды қажет ететінін анықтай алады. Ал кәсіпкерлер бәсекелестерінің көрсеткіштерін салыстырып, өз бизнесінің жағдайын бағамдай алады, — деді экономист.

Рейтингтік агенттік дегеніміз не?

Қарапайым тілмен айтқанда, бұл – компанияның, банктің немесе мемлекеттің қаржылық міндеттемелерін орындай алу қабілетін бағалайтын ұйым. Ол қаржылық жағдайды, қарыз көлемі мен ықтимал тәуекелдерді талдап, тиісті кредиттік рейтинг береді. Рейтинг неғұрлым жоғары болса, компанияның инвестор тарту және қаржы алу мүмкіндігі соғұрлым артады.

Алайда жоғары рейтинг қарыздың міндетті түрде қайтарылатынына кепілдік бермейді. Жаңа заңды Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ұлттық банкпен бірлесіп әзірлеген. 2026 жылғы 23 шілдеде қабылданып, 21 тамызда ресми жарияланған құжат 21 қазаннан бастап күшіне енді.

Заңда рейтингтік агенттіктердің үш түрі қарастырылған. Олар – Ұлттық банк құрылтайшысы болатын қазақстандық агенттік, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше кемінде бес елдің қаржы реттеушілері таныған халықаралық агенттіктер және өз елінің қаржы реттеушісі мойындаған шетелдік агенттіктер. Мұндай құрылым ішкі нарықта отандық компаниялардың да, халықаралық рейтингтік ұйымдардың да жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Сонымен қатар мемлекет агенттіктердің қызметін бақылап, олардың тәуелсіздігі мен ашықтығына қойылатын талаптарды күшейтеді.

Атап айтқанда, мамандарды ротациялау, мүдделер қақтығысына жол бермеу, капиталға және басшылық құрамға талап қою, рейтинг беру әдістемелерін жүйелі жаңарту көзделген.

Экономистің пікірінше, рейтингтік агенттіктердің ақпараты қарапайым азаматтарға да пайдалы болуы мүмкін. Мәселен, кәсіп ашуды немесе белгілі бір салаға инвестиция салуды жоспарлаған адам осы мәліметтер арқылы тәуекелдерді алдын ала бағалай алады.

Мен бизнес ашуды жоспарласам, IT саласын ба, жасанды интеллект бағытын ба, әлде ауыл шаруашылығын ба таңдау керегін ойластырамын. Осындай кезде рейтингтік агенттіктердің мәліметтері қай салада тәуекел барын, қай бағытқа қаржы салу тиімді болуы мүмкін екенін түсінуге көмектеседі. Сондықтан отандық рейтингтік агенттіктердің болуы барлық тарап үшін пайдалы, — деді Бауыржан Ысқақов.

Қазір халықаралық рейтинг нарығында Fitch Ratings, Moody’s және S&P Global Ratings сияқты ірі агенттіктер жұмыс істейді. Алайда олардың қызмет құны шағын және орта бизнес үшін қолжетімді бола бермейді. Сондықтан Қазақстанда ұлттық рейтингтік агенттік құру отандық кәсіпорындардың сапалы бағалау қызметтерін алуына және қор нарығы арқылы қаржы тартуына жол ашуға бағытталған.

Айта кетейік, 2026 жылғы 21 тамызда S&P Global Ratings агенттігі Қазақстанның егемен кредиттік рейтингін «BBB» деңгейіне көтеріп, болжамын тұрақты деп белгіледі. Бұл деңгейге Қазақстан 2016 жылдан бері алғаш рет қол жеткізді.

Агенттік мұндай шешімді экономиканың орнықтылығымен, сыртқы және фискалдық резервтердің жеткіліктілігімен, сондай-ақ экономиканы әртараптандыру үдерісімен байланыстырды.

Осылайша, рейтингтік агенттіктердің қызметін реттейтін заң қаржы нарығының жаңа тетігін қалыптастыруға бағытталған. Оның тиімділігі бағалау әдістемелерінің ашықтығына, агенттіктердің тәуелсіздігіне және инвесторлардың сеніміне байланысты болады.

қаржы сарапшы экономист
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleҚасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі  
Next Article Тоғыз күнде екінші өлім: Хромтаудағы шахтада жұмысшы қаза тапты

Оқи отырыңыз...

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026258

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.20269

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.20268
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202642

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026258

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.20269

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.20268

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202616

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202614

Оқушылары жаппай уланған Республикалық физика-математика мектебі екінші тоқсанда да ашылмайды

30.10.202611

Асханасы лас, аспазшыларында вирус: «MasterFood» қызмет көрсеткен РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды

30.10.20269

Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

30.10.20268

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.