Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Басты ақпарат»Қазақстандағы тұлғалар дефициті: Президентке шындықты айтатын адамдар саны сиреп кетті
Басты ақпарат

Қазақстандағы тұлғалар дефициті: Президентке шындықты айтатын адамдар саны сиреп кетті

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы31.07.2026152
Фото: akorda.kz

Қазақстанда саяси алаңды тұлғалардан тазарту үрдісі қауырт жүріп жатыр. Саясаткер Асхат Асылбеков елдегі кадр саясатына қынжылыс білдіріп, мұндай бағыттың соңы ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіруі мүмкін екенін жазды. Қолайсыз шындықты айтатындардың азаюу қаупті екенін айтты, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Оның пайымынша, елдегі саяси алаң барған сайын тарылып, азаматтық қоғам мен еркін пікірге қысым күшейуде.

Белсенді депутаттар Бақытжан Базарбек, Ермұрат Бапи, Еділ Жаңбыршин, Абзал Құспан секілді қоғамға танылған тұлғалардың партиялық тізімнен тыс қалуы кездейсоқ құбылыс емес.

Асылбеков әзіргі үрдісті саяси кеңістікті «ауыздықтау» әрекеті ретінде бағалауда. Азаматтық белсенділер мен журналистерге жасалып жатқан қысым, қылмыстық қудалауға дейін жеткен істер қоғамды дербес пікір айтатын азаматтардан арылтып, үнсіз бас шұлғитын көпшілікке айналдыру қаупін күшейтуде.

Оның ойынша, мәселе жекелеген депутаттың немесе белсендінің тағдырынан әлдеқайда тереңде. Кадр таңдаудағы шамадан тыс сақтық мемаппаратты ірі ойлайтын тұлғалардан тазартып, орнына тапсырманы екі етпей орындайтын, өз жанынан бастама көтермейтін, бастықтың қабағына жалтақтауды жетік меңгерген шенеуніктерді әкелуде.

Пайымынша, үлкен үйдегі кадрлық шешім қабылдайтын қауым биліктегі ірі тұлғалар тапшылығының қаншалықты қауіпті екенін түсінбей отырғандай.

«Қазақстан тарихында өз салмағы, өз ұстанымы, елдік мәселеге қатысты дербес пікірі бар министрлер, әкімдер, депутаттар аз болмаған. Тоқаев Сыртқы істерді басқарған тұста осындай қайраткерлермен үзеңгілесіп жұмыс істеді, олардың мүмкіндігін де, ел басқарудағы тиімділігін де жақсы біледі.

Жоғарғы Кеңес пен Мәжілісте де сөзіне ел құлақ асқан, билікке қолайсыз болса да ойын ашық жеткізе алған депутаттар болды. Қаратай Тұрысов, Дәулет Сембаев, Серікболсын Әбділдин, Сауық Тәкежанов секілді тұлғаларды көзі қарақты қауым ұмыта қойған жоқ.

Кейінгі буыннан Төлен Тоқтасынов Назарбаев әулеті мен Рахат Әлиевке қарсы шығып, басын бәйгеге тікті», — дейді ол.

Парадокс…

Саясаткердің пікірінше, бүгінгі билік дәл осындай адамдарға зәру бола тұра, оларды жүйеден алыстатып жатыр. Бір жағынан, ел «Әділетті Қазақстан» құрып, ескі жүйенің елесінен арылуды мақсат тұтады. Екінші жағынан, саяси өмірде пікірталасқа қабілетті, өз ұстанымы бар, тіпті Тоқаевқа да қолайсыз шындықты айта алатын адамдар азайып барады.

Оның сөзінше, Тоқаевтың бастамаларын жеке пікірі жоқ, тек нұсқауды орындауға дағдыланған шенеуніктер жүзеге асыра алмайды. Күрделі өзгеріс үшін мықты Президентпен қатар, ықпалды Парламент, дербес Үкімет, жауапкершіліктен жалтармайтын әкімдер мен кәсіби мемлекеттік қайраткерлер қажет.

«Алдағы Құрылтайдың салмағы да оның құрамына байланысты болмақ. Егер партиялық тізімде өз ойын бүкпесіз айтатын, қоғамның шынайы мәселесін көтеруге дайын тұлғалар болмаса, ел жаңа парламенттің сөзі мен уәжіне құлақ аспайды», — дейді ол.

Саясаткер «мықты тұлға» деген ұғымды танымалдықпен немесе әлемжелідегі беделмен шатастырмау керегін ескертуде. Нағыз ауқым адамның ойлау деңгейінен, шешімнің салдарын сезіне білуінен, тәуекелге баруға дайын тұруынан және сыннан қашпауынан көрінеді.

«Қазір бәріміз, атойлап Әділетті Қазақстан құрып жатырмыз. Алайда неліктен дәл осы кезеңде ел саясатында ірі тұлғалар күрт азайып кетті? Ыждағатты орындаушылар қоғамды брежневтік қолпаш пен тоқтаусыз қошемет дәуіріне қайта сүйреп барады…», — деп қынжылды автор.

Команданың саны мен сапасы

Оның пайымынша, ірі тұлға қарсы пікірді жаулық деп қабылдамайды. Керісінше, одан өзіне де, мемлекетке де қажет қорытынды шығарады. Қай уақытта қызметін сақтап қалуды емес, елге пайдалы шешім қабылдауды ойлайды.

«Кез келген басшы командасының сапасына тәуелді. Қазіргі мынау министрлерге, әкімдерге, депутаттарға көз жүгірткенде, мемлекеттік қайраткер деген атқа лайық адамдардың қатары сиреп бара жатқанын сезесіз. Қызметте отырғандардың арасында Батыс университетінің дипломы мен бірнеше шет тілін білуді басты жетістік санайтын буын көбейген.

Билік пен квазимемлекеттік секторда белгілі әулеттердің бала-шағасы мен немерелерінің көбеюі де кадрлық кризистің бір көрінісі. Әкесінің немесе атасының беделімен көтерілген адам креслоға ие болғанымен, олардың саяси салмағын, кәсіби дайындығын және жауапкершілік сезімін мұраға ала алмайды.

Мәселе аузынан ақ май ағып, ерке өскен жастың мансабында емес, тағдырын әлсіз әрі тәжірибесіз адамдардың қолына тапсырған халықтың қасіретінде жатыр», — дейді саясаткер.

Кадр таңдаудағы үркектік қоғамның күдігін одан әрі қоюлатады. Жоғарыда отырғандар мұның салдарын шынымен көрмей ме, әлде мықты тұлғалардан саналы түрде сақтана ма деген сауал туындайды.

Әлсіз орындаушы күрделі мәселені шеше алмайды. Ол жаңа идея ұсынбайды, шешімге күмән келтірмейді, бастықтың қателігін дер кезінде ескертпейді. Оның сөздік қоры көбіне «қабылданды» және «орындалады» деген екі ауыз сөзбен шектеледі.

Сөй деген саясаткер:

«Ең сорақысы мұндай адамдар жоғарыға жаман хабар жеткізуден қорқады. Өз кемшілігін жасыру үшін жағдайды бояп көрсетеді, есепті түзетеді, мәселені соңына дейін бүркемелейді. Тоқаев? Соның салдарынан ел басшылығы шынайы ахуалдан алыстап, кеш қабылданған шешімнің құнын қоғам төлейді. Мемлекет мұндай жолмей дамымайды. Лоялды адамдарды (ләппәй тақсырларды) жинап алып, олардан ірі тұлғалардың деңгейіндегі нәтиже күту абсурд.

Қазіргі уақытта елге ойы дербес, кәсіби батылдығы бар, бірнеше қадам алға қарайтын адамдар ауадай қажет. Ең бастысы, билікке емес, халқына адал тұлғалар керек. Қынжылтатыны, ақылды, тәжірибелі, қоғаммен тіл табыса алатын азаматтардың біразы Құрылтай депутаттығына ұсынылған тізімге енбей қалды.

Қазақстан үшін ең қатерлі тапшылық ақшаға да, мұнайға да байланысты емес. Ең үлкен қауіп мемлекет көлемінде ойлайтын адамдардың азаюы», — дейді.

Оның атап өткеніндей, жоғарғы жақ елден кеткен мықты мамандардың Google, Microsoft тәрізді компанияларда табысқа жеткенін мақтан тұтады. Бірақ олардың неге елде қалмағанын, неге Қазақстанда өз қабілетін толық көрсете алмағанын сирек сұрайды.

«Ақылды адамдарды сыртқа итеріп, кейін олардың шетелдегі жетістігін ұлттық мақтанышқа айналдыру жеңіс емес, жеңіліс. Тоқ етерін айтқанда, бізге ірі, мықта тұлғалардан қорықпайтын керісінше, оның талабын, мінезін және еркін ойын мемлекеттің қуатына айналдыратын саяси жүйе қажет», — дейді саясаткер.

Дереккөз: Ertenmedia.kz

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleПалестина қасіреті: 80 жылдығын қантөгіспен қарсы алмақ Израиль қанша арабы қырып тастады
Next Article Ақ некеден туған балаларды тастама!: Мөлдір Мұқанова желіде шулы жазба жариялады

Оқи отырыңыз...

«Алтай өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі»: Тоқаев Түркия төрінде Путинге тағы үндеу тастады

30.10.2026369

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі  

30.10.20265

Анкара сапары: Тоқаев пен Ердоған не туралы сөйлесті?

30.10.202644
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20263

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20261

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202657

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026374

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.