Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Ажалдан арашалаған ақ халаттылар: Алматыда 34 жастағы әйел 9 қабаттан құлап кетті
Жаңалықтар

Ажалдан арашалаған ақ халаттылар: Алматыда 34 жастағы әйел 9 қабаттан құлап кетті

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы12.08.2026215

Алматы қаласындағы №7 Қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлері тоғызыншы қабаттан құлап, ауыр жарақат алған 34 жастағы әйелді аман алып қалды. Медициналық көмектің барлық кезеңінде мультидисциплинарлық мамандар тобының жедел әрі үйлесімді жұмысының, медицина қызметкерлерінің жоғары кәсіби даярлығының арқасында науқастың жағдайын аса ауыр халден тұрақтандырып, оныншы тәулікте амбулаториялық ем мен кейінгі оңалтуға шығару мүмкін болды, деп жазады Muztaumedia.kz.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, пациент №7 ҚКА-ға көптеген сүйек сынулары мен ішкі ағзалардың зақымдануымен қатар жүрген ауыр аралас жарақатпен шұғыл түрде жеткізілген.

Ауруханаға түскен кездегі жағдайы өте ауыр деп бағаланды: кома және өміріне тікелей қауіп төндірген травмалық шок. Жедел жәрдем бригадасы ауруханаға дейінгі кезеңде интубация жүргізіп, шокқа қарсы терапияны бастаған. Стационарға түскеннен кейін санаулы минуттардың ішінде қабылдау бөлімінде шұғыл медициналық көмектің толық көлемі көрсетілді.

№7 Қалалық клиникалық ауруханасының директоры Нұрдос Қадырбековтің айтуынша, емдеу үдерісіне бірнеше бағыттағы мамандар жұмылдырылды.

«Науқасты емдеуге анестезиолог-реаниматологтар, травматологтар, нейрохирургтар, хирургтар, терапевтер, кардиологтар, психологтар және психиатрлар қатысты. Пациентке көрсетілген барлық медициналық көмек МӘМС жүйесі аясында жүзеге асырылды. Жансақтау және қарқынды терапия бөлімінде ауыр шок пен көптеген жарақаттардың салдарымен күресуге бағытталған ем жүргізіліп, жағдайы тұрақтанғаннан кейін науқас әрі қарай мамандандырылған ем алу үшін политравма бөліміне ауыстырылды», – деді аурухана басшысы.

Науқас ауруханаға түскеннен кейін жетінші тәулікте аяққа тұрғызылып, ал оныншы тәулікте қанағаттанарлық жағдайда тиісті емдік ұсынымдармен үйіне шығарылды.

Оның айтуынша, №7 Қалалық клиникалық ауруханасы – қаланың ең ірі көпсалалы стационарларының бірі. Медициналық ұйым Алматы қаласына кіреберістегі негізгі жолдардың бірінде орналасқандықтан, мұнда жол-көлік оқиғалары мен басқа да төтенше жағдайлардан кейін ауыр жарақат алған науқастар жиі жеткізіледі.

«Мұқият дайындықтан кейін жоғарғы және төменгі аяқ-қолдарға симультантты операция жасалды, ал екі тәуліктен соң жамбас сүйектеріне ота жүргізілді. Емдеудің барлық кезеңінде тромбоэмболия мен май эмболиясы секілді ауыр асқынулардың қаупі өте жоғары болды. Соған қарамастан, пәнаралық тәсілдің, командалық жұмыстың және дұрыс емдеу тактикасының арқасында оң нәтижеге қол жеткіздік», – деп түсіндірді №7 ҚКА политравма бөлімінің меңгерушісі Рамазан Әскеров.

Бүгінде №7 Қалалық клиникалық ауруханасы Алматыдағы негізгі травматологиялық орталықтардың бірі болып саналады. Мұнда тәулік бойы ең ауыр әрі күрделі жарақат алған пациенттерге мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleАлты жұмысшы қаза тапқан ферма: Павлодарда депутат, миллионер Александр Терентьев ұсталды
Next Article Әлемнің ең үздік білім беретін 7 елі анықталды — PISA зерттеуі

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026336

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.