Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Оқиғалар»Ажалмен арпалысқан Алсу қайтыс болды: Ремзавод ауданындағы суда қайғылы оқиға орын алды
Оқиғалар

Ажалмен арпалысқан Алсу қайтыс болды: Ремзавод ауданындағы суда қайғылы оқиға орын алды

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы31.07.2026320

Фото: Мой город

Оралда суға батып бара жатқан жасөспірімді құтқаруға ұмтылған 18 жастағы бойжеткен қаза тапты, деп хабарлайды Muztaumedia.kz mgorod.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 16 шілде күні Орал өзенінің Ремзавод ауданындағы суға түсуге арналмаған жағажайда болған. Алсу Ермағамбетова жүзе алмағанына қарамастан, батып бара жатқан жасөспірімді құтқару үшін суға секірген.

Сол күні бойжеткен құрбысымен және екі танысымен бірге өзен жағасында демалып жүрген. Олар Алсудың медициналық колледжге оқуға түскенін атап өткен. Марқұмның әпкесі Айгүл Хусаинованың айтуынша, Алсу Теректі ауданының Теректі ауылында тұрған және сонда білім алған. Оны әжесі тәрбиелеп өсірген. Мектепте жақсы оқып, спортпен айналысқан, түрлі марапаттарға ие болған.

«Олар өзен жағасында отырып, шырын ішіп, пицца жеген. Кейін Алсу мен құрбысы Милана тізеден келетін суға түсті, ал 16 жастағы жасөспірім одан әрі жүзіп кеткен. Бір кезде ол көмек сұрап айқайлай бастады. Әуелде бәрі мұны әзіл деп ойлаған, кейін оның шынымен батып бара жатқанын түсінген. Жүзе алмайтын Алсу бірден суға секірді. Жасөспірім жағаға өз күшімен шығып үлгерді, оған көмекке жүгіріп жеткен ер адам да болған. Алайда Алсуды аман алып қалу мүмкін болмады», – деді Айгүл Хусаинова.

Туысының сөзінше, құрбысы Алсудың суға кетер алдындағы жоғары көтерілген қолын ғана көріп үлгерген. Құтқарушылар оқиға орнына 40 минуттан кейін жетіп, қыздың денесін ағыс бойымен шамамен 40 метр төменнен тапқан. Жедел жәрдем дәрігерлері оның көз жұмғанын тіркеді.

«Алсуды бағып-қағып өсірген әжесі үшін бұл орны толмас қайғы. Ол судан қатты қорқатындықтан, немересін ешқашан суға түсуге жібермейтін. Алсу дәрігер болуды, әжесін емдеуді армандайтын. Біздің әулетте медицина саласының маманы жоқ еді», – деп қосты бойжеткеннің әпкесі.

Алсумен қоштасу рәсімі 20 шілдеде өтті.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleЖоғалған әпкелі-інілі бауырлар қасақана өлтірілген: қылмыстық тоқ мүрделерді көрсетті
Next Article Кенесары ханға кектенген қырғыз ағайынға үшбу хат: Шыңғыс Айтыматовты Еуропаға оқуға жіберген Мұхтар Әуезов

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

Асханасы лас, аспазшыларында вирус: «MasterFood» қызмет көрсеткен РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды

30.10.20269
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026336

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.