Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Спорт»Азиаданың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы 6 медаль жеңіп алды
Спорт

Азиаданың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы 6 медаль жеңіп алды

НұрланНұрлан21.09.20267
Фото: әлеуметтік желі

Қазақстан құрамасы Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының алғашқы жарыс күнін алты медальмен қорытындылады. Спортшылар төрт алтын және екі қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz. 

Қазақстан қоржынына алтын медальдарды велошабандоз Рината Сұлтанова, Алексей Луценко, каратэшілер Жоламан Бигабыл мен Софья Берульцева салды. Қола жүлдеге триатлоншы Арлан Жаңабай және қазіргі бессайыстан Қазақстан ерлер құрамасы ие болды.

Қазақстанға алғашқы алтынды велошабандоз Рината Сұлтанова әкелді. Ол әйелдер арасындағы жекелей уақытқа жарыста 36:23.72 нәтиже көрсетіп, үздік атанды. Қытайлық Чжан Хао күміс, Оңтүстік Корея өкілі Син Джиын қола жүлдені иеленді.

Екінші алтынды Алексей Луценко жеңіп алды. Қазақстандық спортшы тасжолдағы жекелей уақытқа жарысты 41:24.05 нәтижесімен аяқтап, Азия ойындарының чемпионы атанды. Күміс медаль жапониялық Сюнсукэ Имамураға, қола моңғолиялық Жамбальямц Сайнбаярға бұйырды.

Бұл — Луценконың Азия ойындарындағы бесінші алтыны. Ол жекелей уақытқа жарыста төртінші рет қатарынан чемпион атанып отыр. Спортшы бұған дейін 2014, 2018 және 2022 жылдардағы Азиадада да осы дисциплинада жеңіске жеткен.

Қазақстанның үшінші алтынын Жоламан Бигабыл иеленді. 55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен каратэші финалда Өзбекстан спортшысы Хумоюнмирза Халимовты 9:1 есебімен жеңді.

Ал Софья Берульцева 68 келіден жоғары салмақта қарсыластарынан басым түсіп, Қазақстан құрамасына төртінші алтынды әкелді. Бұл — спортшының Азия ойындарындағы екінші чемпиондығы. Берульцева Ханчжоуда өткен алдыңғы Азиадада да өз салмағында алтын медаль алған.

Қола жүлдеге алғаш болып триатлоншы Арлан Жаңабай қол жеткізді. Ол ерлер арасындағы жекелей сында 53:11 нәтижесімен үшінші орын алды. Жарыста жапониялық Ходзё Такуми жеңіске жетсе, Қытай өкілі Чжан Сижуй күміс жүлдеге ие болды.

Қазақстанның тағы бір қола медалі қазіргі бессайыстан ерлер құрамасының еншісінде. Команда сапында Тихон Варехин, Темірлан Абдраимов және Лев Чувашов өнер көрсетті. Жеке есепте қазақстандықтардың арасынан ең жоғары нәтижені Темірлан Абдраимов көрсетіп, жетінші орынға тұрақтады.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Азиаданың алғашқы жарыс күнін төрт алтын және екі қола медальмен аяқтады.

Айта кетейік, жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық спортшылар басқа спорт түрлерінен де сынға түсті. Әйелдер арасындағы су добы құрамасы алғашқы кездесуінде Сингапур командасын 12:7 есебімен жеңді.

Айти-Нагояда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында ұйымдастырылады.

азияда ойындары
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Өте сауатты екен»: Қайрат Нұртастың экс-келіні қытайша сөйлеп таңғалдырды (ВИДЕО)
Next Article Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейс ашу мәселесінде маңызды кезең басталды

Оқи отырыңыз...

Мексикалықты нокаутқа түсірген Бек Нұрмағанбет IBF рейтингінде үздік бестікке енді

09.11.20265

Қазақстан чемпионатында сенсация: Элина Базарова Назым Қызайбайды ұтты

06.11.202620

«Қазақ аруы» емес, «Баян аруы»: Қуат Хамитов сұлулық байқауына шүйлікті

05.11.2026103
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда онлайн-платформалардың жауапкершілігін күшейтуге арналған жаңа шаралар ұсынылды

18.11.20262

«Нота білмейді, музыкалық сауаты жоқ»: Марат Омаров өзгенің әндерін рұқсатсыз айтқан Нұрлан Өнербаевтың адамгершіліктен аттағанын айтты

18.11.2026403

Ан-12 ұшағы апатқа ұшырады: кемі 19 адам мерт болды

18.11.2026237

СҚО-да ер адам суицид жасады, мұны көрген әкесі де өзіне қол жұмсамақ болды

17.11.202618

Атырауда қызылшадан бір жасар сәби көз жұмды: Оған кардиохирург екпе салуға тыйым салған

17.11.202616

Мемлекеттік қарыздың салмағы артты: Қазақстан шығындары 20,6 пайызға көбейді

17.11.202610

Қос студенттің қазасы: билік ҚазҰУ кешенді тексеру жүргізетін болды

17.11.202618

Қамбаға 2 млн тоннадан астам өнім түсті. Алматы облысында күзгі жиын-терім жалғасуда

17.11.20264

57 миллион теңгелік корпоратив пен қолма-қол ақшаға айналдырылған қаражат – Боқаевтың сотында не анықталды

17.11.20269

Бестөбедегі алтын кенішінде тағы бір адам қаза тапты

17.11.20268

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.