Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Басты ақпарат»Бүгін Құрылтай сайлауы қарсаңындағы үгіт-насихат жұмыстары басталады
Басты ақпарат

Бүгін Құрылтай сайлауы қарсаңындағы үгіт-насихат жұмыстары басталады

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы23.07.20260
Фото: baq.kz

23 шілде күні кешкі сағат 18:00-ден бастап Құрылтай сайлауы қарсаңындағы үгіт-насихат басталады, деп жазады Muztaumedia.kz ақпарат порталы.

Бейсенбі күні саяси партия тізімін ұсыну, Орталық сайлау комиссиясында (ОСК) тіркеу толық аяқталады. Ал кешке бәсекеге түсетін партиялар сайлауалды бағдарламасын жариялауға, БАҚ-та жарнама жасауға және сайлаушылармен кездесулер өткізуге рұқсат алады.

Құрылтай сайлауында 145 депутаттық мандат үшін 7 партиядан барлығы 545 кандидат бақ сынайды.

Олар:

  • «Әділет» партиясы – 186 кандидат;
  • «Respublica» партиясы – 75 кандидат;
  • Қазақстан халық партиясы (ҚХП) – 72 кандидат;
  • «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 69 кандидат;
  • «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 63 кандидат;
  • «Байтақ» жасылдар партиясы – 47 кандидат;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) – 33 кандидат.

Үгіт-насихат кезеңі 21 тамызға дейін жалғасады. 22 тамыз – тыныштық күні. Құрылтай сайлауы 23 тамызда өтеді.

Айта кетейік, құрылтай сайлауында 10 мың дауыс беру учаскесі жұмыс істейді.  Құрылтай сайлауын өткізуге 71 мың адам жұмылдырылады. Олар сайлау комиссиясының құрамында қызмет етеді. Саяси науқанға 12,5 млн адам қатысып, дауыс беру құқығына ие болады. Сайлаушыларға 10 мың учаске қызмет көрсетеді. Оның 82-сі шет елдердегі бөлімшелер.

Азаматтар әлемнің 64 елінде өз таңдауларын жасай алады. Бір ерекшелігі – биылғы науқан жазғы демалыс маусымына сәйкес келіп тұр. Сол себепті азаматтар тұрғылықты жерінде, сондай-ақ уақытша барған орындарында дауыс бере алады.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleТергеу изоляторындағы азап: Талдықорғанда жас баланы түрме қызметкерлері соққыға жыққан
Next Article Тоқаев Мысыр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Оқи отырыңыз...

Тоқаев Тәжікстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

09.09.20262

«Жатқызып қойып, үстімізден жүгіреді»: Ақтөбеде соққыға жығылған жігіттің анасы сұмдық жайттарды айтты (эксклюзивті сұхбат)

08.09.20261 627

Мемлекет басшысы Солтүстік Македония Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

08.09.20263
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қан байланысты шешпейді: Сәбиттің ұлы қарындасының тойына келмеуінің себебін айтты

30.07.20264 687

«Ерте тұрмысқа шықпаңдар»: Айгүл Иманбаева 15 млн-ға ұзатылған Алтынайдың қызы туралы айтты (ФОТО)

30.07.20264 269

10 жастағы моңғол қыздың қазасы: Моңғолдар соңғы оқиғадан кейін этникалық қазақтарды жазалауды талап етуде

18.08.20263 397

«Басқамен ойнас болған»: Жан Ахмадиев күйеуі ұрып өлтірген Мадина жайлы сұмдықты айтты

04.09.20263 362

Екеуі сезімталдықты күшейтуге келіскен: Астанада жас қыз жігітімен жыныстық қатынасқа түсіп жатқанда өліп кетті

28.08.20262 970

«Лондондағы қызыма көмек керек»: Жұлдыз Әбдікәрімова дабыл қағып, елден көмек сұрады

01.09.20262 849

10 қызды өлтіріп, етін жеген: министрлік атышулы каннибал Николай Жұмағалиевке қатысты пікір білдірді

30.07.20262 731

«Бәйбіше-тоқал тартысы тоқтады»: Айқын Төлепберген демалысқа қос некесінен туған балаларымен барған

26.08.20262 705

Халықаралық дау: Түркістан облысында қытайлық инвестор әйелді зорлаған депутат қамауға алынды

28.07.20262 570

«Құтырғандар-ай, мақтаншақтық»: қызының қалыңмалына 15 млн теңге алған Алтынай Жорабаева құдаларына алғыс жаудырды

28.07.20262 364

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.