Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Қоғам»Байлық та, билік те қорған емес: Сарапшылар мен азаматтар «Заң мен тәртіп» қағидатын талқылауда
Қоғам

Байлық та, билік те қорған емес: Сарапшылар мен азаматтар «Заң мен тәртіп» қағидатын талқылауда

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы14.11.20267
Фото: фейсбук парақшасы

 Екі ірі ұлттық компания басшысының ұсталуынан кейін қоғам назарын маңызды мәселеге аударды. Бұл жолы азаматтар нені талап етіп отыр?

Қазақстанда ірі ұлттық компаниялардың басшыларына қатысты жүргізілген тергеу қоғам назарын тағы да сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесіне аударды. «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшысы Елжас Отыншиевтің ұсталғаны туралы ақпарат мемлекеттік басқару жүйесіндегі жауапкершілік, заң үстемдігі және ұлттық активтердің тағдыры жөніндегі пікірталасты күшейтті. Әлеуметтік желі қолданушылары бұл оқиғаны Президенттің «Заң мен тәртіп» саясатының маңызды сынағы ретінде бағалап жатыр.

Жоғары лауазым – жауапкершіліктен босатпайды

12 қарашада Қазақстанның құқық қорғау органдары елдің стратегиялық маңызы бар екі ірі құрылымының басшыларына қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Атап айтқанда, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшысы Елжас Отыншиев және өзге де тұлғалар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен ұсталды.

Бұл оқиғаның қоғамдық маңызы күдіктілердің лауазымымен ғана өлшенбейді. Өйткені сөз мемлекеттік активтерді басқаруға, ел экономикасының маңызды салаларына және стратегиялық шешімдер қабылдауға тікелей қатысы бар құрылымдардың басшылары туралы болып отыр.

«Самұрық-Қазына» қорының портфелінде елдің ірі ұлттық компаниялары мен стратегиялық активтері шоғырланған. Ал «Қазақстан темір жолы» – көлік-логистика жүйесінің негізгі буыны. Сондықтан мұндай ұйымдардың басшылығына қатысты кез келген құқықтық оқиға мемлекет пен қоғам арасындағы сенім мәселесіне тікелей әсер етеді.

Бұған дейін сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы айтылғанда, көбіне төменгі және орта буындағы мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі талқыланатын. Ал бұл жолғы оқиға қоғам назарын басқару жүйесінің ең жоғарғы деңгейіндегі жауапкершілік мәселесіне аударды.

Осы тұрғыдан алғанда, ұсталымдар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «Заң мен тәртіп» қағидатының іс жүзінде қалай жүзеге асатынына қатысты маңызды қоғамдық сынаққа айналып отыр.

«Заң мен тәртіп» қағидатының нақты сынағы

Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметшілер мен ұлттық компания басшыларының жауапкершілігіне қатысты бірнеше рет қатаң ұстанымын білдірген. Оның негізгі мәні – лауазымына, ықпалына немесе байланысына қарамастан, заң алдында барлық азаматтың тең болуы.

Бұл қағидаттың шынайы жүзеге асуы дәл осындай күрделі жағдайларда көрінеді. Себебі құқық үстемдігі қарапайым азаматқа талап қоюмен ғана шектелмеуі керек. Мемлекеттік ресурстарға иелік ететін, ірі қаржы ағындары мен стратегиялық шешімдерге жауап беретін тұлғалар да заң талаптарын бірдей орындауға міндетті.

Блогер әрі қоғам белсендісі Даурен Сейтжанұлы Президенттің саясатын Қытай философиясындағы «у-вэй» ұғымымен байланыстырады. Оның пайымынша, бұл – арқанды бірден жұлқымай, біртіндеп тарта отырып, барлық салада жүйелі тәртіп орнату тәсілі.

Мен Президенттің саясатын дәл осы философиямен байланыстырамын. Яғни арқанды бірден жұлқымай, біртіндеп тарта отырып, барлық салада тәртіп орнатып келеді. Бүгінгі ірі көлемдегі құрықтаулар да – соның бір көрінісі, – деп жазады ол.

Автордың пікірінше, заң талаптарын елемеу мен белгіленген қағидаларды бұзудың соңы жауапкершілікке әкелуі тиіс. Бұл жерде маңыздысы – жекелеген адамдарды ұстау ғана емес, заң бұзушылықтың алдын алатын жүйелі тетіктердің қалыптасуы.

Оның жазбасының астына пікір қалдырған Әмірбек Шаймағамбетов есімді желі қолданушысы Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған құқық қорғау саласындағы өзгерістерді елдегі заң үстемдігін нығайтуға бағытталған маңызды қадам ретінде бағалайды. Оның пікірінше, «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларына қатысты тергеу және ҰҚК мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметін біріктіру арқылы жемқорлыққа, ұйымдасқан қылмысқа және ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін әрекеттерге қарсы күрес күшейе түседі. Автор бұл бастамаларды ешкім заңнан жоғары тұрмайтын әділетті қоғам қалыптастырудың нақты көрінісі деп санайды.

Ал БАҚ саласының өкілі Ержан Жаубай «Заң мен тәртіп» қағидатының баршаға ортақ талап екенін атап өтеді. Оның жазуынша, адамның лауазымы да, қолындағы билігі де, байлығы да заң алдында артықшылық бермеуі керек.

Мұнда ең бастысы – кімнің кім екені емес, заңның қалай жұмыс істейтіні. Егер құқық бұзушылық фактісі дәлелденсе, оған қатысы бар әрбір адам лауазымына қарамастан жауап беруі тиіс, – дейді ол.

Оның Facebook-тегі жазбасының астына пікір жазған Оспан Коршун есімді азамат заң мен тәртіп баршаға бірдей болуы керектігін, адамның лауазымы мен қызметіне қарамастан, ешкім заңнан жоғары тұрмауы тиіс екенін атап өткен. Сондай-ақ Президенттің осы ұстанымын қолдап, заң талаптарының барлығына бірдей қолданылуы әділетті әрі тұрақты мемлекеттің басты шарты екенін жеткізген.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleТоқаев Үкіметке 11 күн ішінде жемқорлықты тоқтату үшін нақты ұсыныс әзірлеуді тапсырды
Next Article Алматыда діни экстремизмді насихаттады деген күдікпен ер адам ұсталды (ВИДЕО)

Оқи отырыңыз...

Иманын лақтыра салды: Алматыдағы Пресняковтың концертінде әйел хиджабын шешіп, әншімен сүйіспек болған (ВИДЕО)

17.11.20266

Ми жұмыстан қиналмайды, ол жұмысты бастаудан қиналады — Әбдірашит Түлкібай (ВИДЕО)

16.11.20263

Балалар арбасымен автобусқа мінуге тыйым салу: Министрлік жауап берді

15.11.202611
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада 11-сынып оқушысы мектепке пышақ алып келіп, екі қызға шабуыл жасаған

17.11.202614

Иманын лақтыра салды: Алматыдағы Пресняковтың концертінде әйел хиджабын шешіп, әншімен сүйіспек болған (ВИДЕО)

17.11.20266

Астанада жұмысшыларға су шашқан Lexus жүргізушісі қамауға алынды

17.11.20260

«Әкесіне шаң жуытпайды»: Қайрат Нұртастың қызы қылығымен көпті тәнті етті (ВИДЕО)

17.11.20260

«Президент хабардар болды»: Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен «ҚТЖ» басшылары жемқорлықпен айналысқанын білген

16.11.202683

Әлеуметтік желіні шулатқан әке мен қыздың видеосы: тексеру нәтижесі шықты

16.11.202658

Президент Әкімшілігіне жаңа басшы тағайындалды

16.11.202638

«Мінезі жоқ, өзін таппаған»: Олжас Абай әріптесі Рүстем Жаныамановты сынап тастады (ВИДЕО)

16.11.202628

102 млн теңге табыс: Астанада лицензиясыз жұмыс істеген ломбардқа қатысты заңсыз әрекет анықталды

16.11.20264

Тұрмыстық зорлықтың алдын алу: заң күшейді, бірақ ол жеткілікті ме?

16.11.20265

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.