Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»«Байсейітованың айнасы, Брусиловскийдің фортепианосы»: Алматыда өнер мұражайы қайта жаңғырды
Жаңалықтар

«Байсейітованың айнасы, Брусиловскийдің фортепианосы»: Алматыда өнер мұражайы қайта жаңғырды

НұрланНұрлан13.09.20264
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда «Ақбала» ұлттық балетінің премьерасы қарсаңында Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында жаңартылған интерактивті музейдің ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Абай атындағы ҚазҰОБТ директоры Айнұр Копбасарова бүгін — тарих пен тағылым тоғысқан күн екенін атап өтті.

Жаңа маусымның ашылуымен жаңа премьера болынып жатыр және бүгін біздің театрдың мұражайы қайта жаңғырып, өзінің жаңа әдемі келбетін сіздерге есігін айқара ашқысы келеді. Бүгін тарих пен тағылымның тоғысқан күні. Осындай керемет мүмкіндікті бізге ұсынған Freedom Шапағат холдингі мен Тимур Құлыбаев атындағы Halyk қайырымдылық қорына шексіз алғысымызды білдіргіміз келеді, — дейді Айнұр Копбаева.

Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Музей экспозициясы театрдың бай тарихы мен мәдени мұрасын заманауи форматта таныстыруға бағытталған.

Көрме залында қазақ өнерінің көрнекті өкілдеріне қатысты бірегей жәдігерлер қойылған.

Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Музей экспозициясында театр өнерінің көрнекті тұлғаларына арналған балауыз мүсіндер де қойылған.

Соның бірі – қазақ би өнерінің ханшайымы Шара Жиенқұлованың балауыз мүсіні.

Келушілер театр сахнасында пайдаланылған тарихи костюмдермен танысуға мүмкіндік алды.

Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Экспозициядан әр кезеңнің сахналық киім үлгілерін көруге болады. Музейде театр тарихын бейнелейтін сирек фотосуреттер де ұсынылған.

Көрмеде өнер майталмандарының жеке заттары ерекше қызығушылық тудырды. Бұл – қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі Күләш Байсейітованың жеке айнасы.

Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Әр жәдігер қазақ операсы мен балетінің даму жолынан сыр шертеді. Бұл – балет өнерінің негізін қалаған Дәурен Әбіровтің балауыздан жасалған мүсіні.

Интерактивті шешімдер келушілерге тарихи материалдарды тереңірек зерттеуге жағдай жасайды. Сандық технологиялар музей кеңістігін заманауи әрі тартымды ете түскен. Қонақтар театрдың қалыптасу кезеңдері туралы тың мәліметтер алды.

Экспозицияда әртістер мен сахна шеберлерінің шығармашылық мұрасы кеңінен қамтылған. Соның бірі – қазақ кәсіби музыкасының негізін қалаушылардың бірі, композитор әрі пианист Евгений Брусиловскийдің жеке фортепианосы.

Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Көрме театрдың 90 жылдан астам тарихын бір алаңға тоғыстырған. Музей кеңістігі ұлттық мәдениеттің маңызды белестерін көрсетеді. Келушілер тарихи құжаттар мен мұраға айналған материалдарды тамашалады.

Жаңартылған музей жас ұрпақты театр өнерімен жақынырақ таныстыруды мақсат етеді. Экспозиция театрдың өткенін бүгінгі күнмен байланыстыратын ерекше мәдени алаңға айналған.

Музейдің ашылуы театр маусымының маңызды оқиғаларының біріне айналды. Жаңартылған интерактивті музей енді театр қонақтары үшін тұрақты түрде қолжетімді болады.

Алматы
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleВице-Президент Ерлан Қарин мемлекеттік аппараттың идеологиялық жұмысының басым бағыттарын айқындады
Next Article Тұман, жел: Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20263

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20263

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202653

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026351

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.