Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Белгілі қазақстандық журналист Юрий Мизинов дүниеден өтті
Жаңалықтар

Белгілі қазақстандық журналист Юрий Мизинов дүниеден өтті

НұрланНұрлан10.09.20260
фото: Мәдениет және ақпарат минитрлігі

Белгілі қазақстандық журналист, ZonaKZ бас редакторы болған Юрий Мизинов 77 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Қайғылы хабарды Мәдениет және ақпарат министрлігі жеткізді, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Юрий Мизинов 1950 жылы 18 қаңтарда Орал қаласында дүниеге келген. Қарағанды политехникалық институтын «инженер-экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын облыстық статистика басқармасы мен жобалау ұйымдарында бастаған.

1991–1992 жылдары «Сары-Арқа» телекомпаниясын басқарды. Кейін «Зебра», «Колесо», «Грач» және «Фаренгейт бойынша 451°» басылымдарының редакцияларына жетекшілік етті.

2000 жылдың қаңтарында Юрий Мизинов Жәнібек Сүлеев және Айгүл Омаровамен бірге «Навигатор» интернет-газетін құрды. Кейін олардың қатарына Гимран Ерғалиев қосылды. 2006 жылдың мамырында басылым ZonaKZ атауымен жұмысын жалғастырды.

«Навигатор» мен ZonaKZ Қазақстандағы қоғамдық-саяси интернет-журналистиканың қалыптасуына елеулі үлес қосты. Басылымдарда жедел жаңалықтармен қатар сұхбаттар, сараптамалық материалдар мен баспасөзге шолулар тұрақты жарияланып отырды.

ZonaKZ 25 жылға жуық жұмыс істегеннен кейін 2025 жылғы 1 ақпанда қызметін тоқтатты. Сол кезде Юрий Мизинов соңғы үндеуінде журналистерге, авторларға, техникалық мамандарға, әріптестеріне және жұбайы Еленаға алғысын білдірген.

Журналистің еңбегі де елеусіз қалған жоқ. 2020 жылы ол азаматтық қоғамды дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Журналистер одағының алтын медалімен марапатталды. Сонымен қатар Журналистер одағы сыйлығының лауреаты атанып, «Қазақстанның құрметті журналисі» белгісіне ие болды.

журналист көңіл айту өмірден озды
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Айырылып қала жаздадық»: Төреғали Төреәлінің жары Толқын жетінші баласы жайлы күтпеген мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
Next Article «Қазақстанға Алланың мықты бір азабы керек»: Елге қарғыс тілеген мұғалім жұмыстан кетті

Оқи отырыңыз...

Шыңғыс Әрінов Көшпенділер ойындары жеңімпаздарын марапаттады

16.09.202612

Экс-депутат Геннадий Шиповских жаңа қызметке тағайындалды

16.09.20265

Президент бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммитіне қатысты

16.09.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Шыңғыс Әрінов Көшпенділер ойындары жеңімпаздарын марапаттады

16.09.202612

Экс-депутат Геннадий Шиповских жаңа қызметке тағайындалды

16.09.20265

«Кісі өлтіріп, қыз зорлаған жоқ»: Гүлзира Айдарбекова Нұрсұлтан Жақсыгенді жақтап шықты

16.09.202660

Атан түйе ойнақтаса жұт болады: Алагөзовтің ерсі биі елге ұнамады (ВИДЕО)

16.09.2026121

Президент бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммитіне қатысты

16.09.20262

Президент көлік-логистика әлеуетін нығайтуды тағы бір басымдық деп санайды

16.09.20262

«Жүрегім бір бұлқынып қоятын»: әнші Роза Әлқожа Мәскеудегі қызы туралы шындықты айтты

16.09.2026204

Үстімнен жүк түскендей болды: балаларының әкесін соттатып жіберген Фариза Алмазқызы эмоциясымен бөлісті (ВИДЕО)

16.09.2026395

Музей сөресіндегі жәдігерден ғылыми жаңалыққа дейін: «Ғылым ордасында» халықаралық симпозиум өтті

16.09.202619

91 млн теңге: Ақтөбе облысында заңсыз субсидия алған кооператив басшысы сотталды

16.09.20264

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.