Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Бірден көп балалы ана атанды: Алматыда 27 жастағы әйел үш ұлды дүниеге әкелді
Жаңалықтар

Бірден көп балалы ана атанды: Алматыда 27 жастағы әйел үш ұлды дүниеге әкелді

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы23.09.202651
Фото: Алматы қалалық ҚДСБ

27 жастағы алматылық әйел бірден үш ұлдың анасы атанды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Осылайша, отбасындағы ұлдардың саны төртке жетті. Үшемдердің төрт жастағы ағасы бар.

2026 жылдың басынан бері Алматыда 603 егіз және алты үшем дүниеге келді. Солардың бірі жуырда №2 қалалық перинаталдық орталықта дүниеге келген үш ұл.

Жүктілік трихориалды триамниотикалық түрде өткен. Яғн, әр сәбидің жеке плацентасы мен ұрық қабы болып, үшеуі бір-бірінен бөлек дамыған. Сәбилер кесар тілігі арқылы дүниеге келді.

Нәрестелердің салмағы 1740 грамнан 1978 грамға дейін, ал бойы 34-37 сантиметр аралығында болды. Ата-анасы ұлдарына Омар, Мирас және Мүслім деп ат қойды.

Дүниеге келгеннен кейін сәбилердің біріне алғашқы күндері қарқынды респираторлық қолдау қажет болды. Ол екі күн бойы өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Қазір үш нәресте де СИПАП-терапия алып жатыр және дәрігерлердің тұрақты бақылауында. Мамандар олардың жағдайында оң динамика байқалып отырғанын атап өтті.

Үшемдердің анасы ұлдарын алғаш көрген сәт ерекше толқынысқа толы болғанын айтады.

«Балаларымды алғаш көргенде қатты уайымдап, жылап жібердім. Өйткені олар өте кішкентай әрі әлсіз көрінді. Бірақ орталық қызметкерлері маған үлкен қолдау көрсетті. Олар медициналық көмекпен қатар, психологиялық тұрғыдан да демеу болды. Дәрігерлер мен орталықтың барлық қызметкеріне қамқорлығы, ықыласы және қолдауы үшін шын жүректен алғыс айтамын», – деді ол.

Сәбилер №2 қалалық перинаталдық орталық мамандарының тұрақты бақылауында.

Алматы қаласы ана егіз қолдау сәби Үшем ұл
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleMardan тұрғын үй кешеніне қатысты іс сотқа жолданды: 274 отбасы зардап шеккен
Next Article «Ауыр тиді ме»: Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы бірге тойға барғандарын айтып, оқырмандарына жазба арнады

Оқи отырыңыз...

Алматы – Токио тікелей әуе рейсі бойынша алғашқы ұшақ 30 қарашадан бастап ұшады

03.10.20261

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Токио тікелей әуе рейсі бойынша алғашқы ұшақ 30 қарашадан бастап ұшады

03.10.20261

«Отбасыны талан-таражға салуға болмайды»: Айгүл Иманбаева елді дүрліктірген блогерлерді сынады (ВИДЕО)

03.10.20264

Жайқалған жағажай, ағылған туристер: Қонаев халқы Қала күнін тойлап, өңірдің дамуы жайлы мәлімет алды

03.10.20261

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20261

AI жаһандық экономиканың жаңа инфрақұрылымына айналуда

02.10.20265

«Ол кісінің басқа отбасы бар»: Жұлдыз Өмірғали өміріндегі ауыр кезең туралы айтып, жылап жіберді (ВИДЕО)

02.10.2026876

Шымкентте балаларды алдап, интимдік фото сұраған ер адам ұсталды

02.10.202615

Мемлекет басшысы Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады

02.10.20260

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.