Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Саясат»«Болашақ – өскелең ұрпақтың қолында»: Тоқаев жастарға үндеу жасады
Саясат

«Болашақ – өскелең ұрпақтың қолында»: Тоқаев жастарға үндеу жасады

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы29.07.20264
Фото: Ақорда

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық мультиспорт турнирінің ашылу салтанатында айтты, деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпарат порталы.

Бүгін біздің сүйікті елордамызда, шын мәнінде, ерекше іс-шара өтіп жатыр. Бұл – спорт пен интеллектінің үйлесімі, сонымен қатар күш-қайрат пен зияткерлік әлеуеттік айқасы. Бұл кереғар емес, керісінше бір-бірін толықтыратын ұғымдар екеніне көзіміз жетіп отыр. Алдағы сайыстардың түпкі философиялық мәні де осыда. Осындай жаһандық ауқымдағы ойындар – адамзаттың жарасымға негізделген және бейбіт болашағының айнасы. Қазақстан әлемдік қауымдастықпен бірге бейбітшілікті. Қауіпсіздікті, әділеттілік пен дамуды қолдайды, — деді Президент.

Мемлекет басшысы атағандай, «Болашақ ойындарында» спорттың күш-қуаты, ақыл-ой мен цифрлық дәуірдің орасан зор әлеуеті тоғысады. Мұның бәрі біздің ортақ жасампаздық ұстанымызбен толық үндеседі.

«Болашақ ойындары» бір қарағанда бірікпейтіндей көрінетін дүниелерді бір арнаға тоғыстырады. Бұл ойындардың негізгі идеясы – шынайы және виртуалды әлемнің арасында дәнекер болу. Осы аренаға жиналған азаматтардың көбі – жастар. Болашақ өскелең ұрпақтың қолында. Сіздер – білімге құштар, еңбекқор, талапты, өршіл азаматсыздар. Бұл қасиеттеріңіз жаңа әлемнің берік негізі болатыны сөзсіз, — деп айтты Тоқаев.

Президент ойынға қатысушылардың әрқайсысы тыңғылықты дайындықтан өткенін атап өтті. Мемлекет басшысының пікірінше, ойыншылар өз командаларының намысын абыроймен қорғайды.

Сіздер «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шығып, жаңа достар тауып, болашағы зор жобаларды бірлесе қолға аласыздар деп сенемін. Себебі «Болашақ ойындарының» басты миссиясы – адамдарды жаңа жетістіктер жолында жұмылдыру және жігерлендіру. «Болашақ ойындары» елдеріміздің арасындағы ынтымақтастықтың, достықтың және келісімнің тағы бір «алтын көпіріне» айналады деп сенемін, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Барыс Аренада өткен сайыстың ашылу рәсімінде.

Ақорда ойын Президент саясат спорт Тоқаев
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleБолашақ ойындары – Ресейдің бастамасымен жүзеге асқан жоба – Президент Тоқаев
Next Article Ресейде қоймалары өртке оранған Wildberries Қазақстаннан пана іздеуде

Оқи отырыңыз...

Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

30.10.202610

Германияда алғаш рет әйел адам президент атануы мүмкін

30.10.20264

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі  

30.10.20265
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026329

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.