Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Чемпиондарға — ректор гранты
Жаңалықтар

Чемпиондарға — ректор гранты

НұрланНұрлан12.10.20267
Фото: Алматы университеті

Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті халықаралық жарыстардың жүлдегерлеріне қолдау көрсетті, деп хабарлайды Muztaumedia.kz. 

Алматы, 12 қазан 2026 жыл. Алматы гуманитарлық-экономикалық университетінде халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларға ректор грантын табыстау рәсімі өтті.

Университет құрылтайшысы София Арғынқызы Суюбаеваның қолдауымен Бакуде өткен дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Шерзод Давлатовқа және 2026 жылғы Азия ойындарының құзға өрмелеуден қола жүлдегері Дамир Тоқтаровқа ректор гранты табысталды.

Фото: Алматы университеті

Екі спортшы да Алматы гуманитарлық-экономикалық университетінің бакалавриат деңгейіндегі 6В01422 (ІР) – «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы бойынша білім алады.

Шерзод Давлатовтың әлем чемпионатындағы күміс жүлдесі мен Дамир Тоқтаровтың Азия ойындарындағы қола медалі – қазақстандық спортшылардың халықаралық аренадағы табысты өнерінің айқын көрінісі. Олардың жетістіктері жас ұрпаққа үлгі болып, спорт пен білімді қатар алып жүрудің маңызын көрсетеді.

Оқу грантын табыстау – университеттің талантты спортшыларды қолдауға, олардың сапалы білім алуына және кәсіби тұрғыдан дамуына мүмкіндік жасауға бағытталған жүйелі бастамасының бір бөлігі.

Университет басшылығы халықаралық деңгейде ел намысын қорғап жүрген спортшыларға қолдау көрсету арқылы жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, білім мен жоғары спорттық нәтижелерді ұштастыруға ынталандыруды көздейді.

Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті чемпиондарды жетістіктерімен құттықтап, алдағы жарыстарда толағай табыс пен жаңа жеңістер тілейді.

азияда азияда ойындары чемпион
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleҚазақстан әлемдегі ықпалды 35 елдің қатарына қосылды
Next Article Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен шағын құрамда келіссөз жүргізді

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026336

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.