Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Muztau media»Мемлекет басшысы GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды
Muztau media

Мемлекет басшысы GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды

Сайт әкімшілігіСайт әкімшілігі05.05.20261

Алматы қаласы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев GITEX AI Central Asia & Caucasus 2026 халықаралық технологиялық көрмесін аралап көрді. Бұл әлемде цифрлық технологиялар мен инновациялар саласы бойынша ең ірі платформалар қатарындағы GITEX жаһандық экожүйесінің бір бөлігі саналады,- деп хабарлайды  muztaumedia.kz/ тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына Al-Farabium суперкомпьютерінің мүмкіндіктері мен оның базасында іске асырылған ондаған жобалар, соның ішінде «Қазақтелеком» АҚ байланыс орталығының тұтынушылар шағымын оператордың қатысуынсыз өңдейтін ЖИ-ассистенті таныстырылды. Бұл цифрлық шешім қоңырауды заңды тұлға немесе алаяқ шалғанын анықтап, оны антифрод колл орталыққа жібереді, осылайша, құқық қорғау органдарына ақпарат беруге көмектеседі.

Сондай-ақ Президентке банк жүйесіндегі жобалар жөнінде мәлімет берілді. Олар реттелетін, ашық және ауқымды цифрлық активтер экожүйесін құруға, инфрақұрылымды (крипто хаб) дамытуға және халық пен бизнеске қызметтердің толық спектрін ұсынуға бағытталған. Цифрлық активтер нарығын дамыту аясында Қазақстан қор биржасында (KASE) токен түрінде қаржы құралдарын шығару қарастырылып жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді. Атап айтқанда, KEDEN бірыңғай цифрлық платформасы кедендік бақылау үдерісін оңтайландыруға және жетілдіруге, сауда барысы мен шекарадан өтуді жеңілдетуге арналған.

Ал SmartCargo – кеден, көлік, Ішкі істер министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, фармацевтикалық және сауданы реттеу сервистерін біріктіретін логистикалық қызметтердің бірегей цифрлық терезесі. National Road Geoportal (KazMaps) мониторинг пен инфрақұрылымға арналған Қазақстан автожолдарының цифрлық картасын ұсынады.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Алматы қаласының ІТ экожүйесімен және білім беру, маман даярлау, балалар қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіп пен жол-көлік қозғалысын бақылау секілді цифрлық шешімдермен танысты. Сонымен қатар Президент Орталық Азиядағы балаларға арналған алғашқы ғылыми музейді аралады.

GITEX AI Central Asia & Caucasus 2026 көрмесіне 600-ден аса халықаралық компания, соның ішінде Cisco, Cloudflare, Google Cloud, Huawei, Dell, H3C Technologies, Lenovo, Trend Micro, Hikvision, HP, Noventiq, Redington, Salesforce, Vertiv және басқа да әлемдік технология көшбасшылары қатысуда.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleРоман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды
Next Article Мемлекет басшысына Defense Tech қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы инновацияларды қолдау орталығы көрсетілді

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202646

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202617
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202646

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026307

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202617

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Оқушылары жаппай уланған Республикалық физика-математика мектебі екінші тоқсанда да ашылмайды

30.10.202611

Асханасы лас, аспазшыларында вирус: «MasterFood» қызмет көрсеткен РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды

30.10.20269

Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

30.10.20269

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.