Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Депутат болатыныма сенемін: Аша Матай арманын ашық айтып, халықты өзін қолдауға шақырды
Жаңалықтар

Депутат болатыныма сенемін: Аша Матай арманын ашық айтып, халықты өзін қолдауға шақырды

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы04.08.2026193
Фото: видеодан скрин

Өнер иесі әрі Құрылтайға үміткер Аша Матай әлеуметтік желіде өзі туралы тараған ақпаратқа пікір білдіріп, депутаттыққа кандидатурасынан бас тартқаны жөніндегі әңгімелердің шындыққа жанаспайтынын айтты, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Айтуынша, соңғы уақытта кейбір адамдар оның сайлаудан шыққаны туралы жалған ақпарат таратып, жұртшылықты жаңылыстыруға тырысып жүр.

«Мен туралы жалған ақпарат таратыпты кейбіреулер. “Аша Матай депутаттықтан бас тартыпты” деп халықты шатастырып жатыр. Әрине, бұл мәселе тапсырыспен болып жатыр», – деді ол.

Аша Матай Құрылтайға үміткер ретінде сайлауға қатысып жатқанын тағы да растады. Сондай-ақ депутат болатынына сенім білдіріп, өзіне қолдау көрсететін азаматтарды мәселелерін ашық айтып, ұсыныс-пікірлерін жолдауға шақырды.

«Маған сенген азаматтар, оқырмандарым, тыңдармандарым, өздеріңіздің мұң-мұқтаждарыңызды маған айтыңыздар, жазыңыздар. Маған сенім артыңыздар. Сіздердің маған артқан жүктеріңізді Құрылтайға арқалап барамын. Сіздер үшін күресемін, сынбаймын. Жігерім де, мінезім де жетерлік. Құдай қолдасын, ағайын», – деді Аша Матай.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде Аша Матайдың депутаттыққа кандидатурасын қайтарып алғаны туралы ақпарат тараған еді. Алайда өнер иесі бұл мәліметті жоққа шығарып, Құрылтай сайлауынан шықпағанын және үміткер ретінде жарысты жалғастырып жатқанын мәлімдеді.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleҚонаев гарнизонында төртінші қабаттан құлаған сарбаз ауыр халде жатыр
Next Article «Көтермелейтін ешкімім жоқ»: Түсіпбаева неге депутат болмайтынын айтты (ВИДЕО)

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202651

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026348

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.