Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»«Әділет» партиясы Астанада «Әділет – бәріне бірдей мүмкіндік» жобасын бастады
Жаңалықтар

«Әділет» партиясы Астанада «Әділет – бәріне бірдей мүмкіндік» жобасын бастады

НұрланНұрлан08.09.20265
Фото: Әділет партиясы

Астанада «Әділет» партиясының «Әділет – бәріне бірдей мүмкіндік» инклюзивті жобасы іске қосылды. Жоба қатысушылары қолданбалы мамандықтарды тегін меңгеріп, қаржылық сауаттылық пен SMM бойынша базалық білім алады. Кейін жобаға қатысушылардың жұмысқа орналасуына немесе жеке кәсібін бастауына мүмкіндік беріледі, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Жобаның ашылу салтанатына Құрылтай депутаты, «Әділет» партиясы фракциясының мүшесі, белгілі параспортшы Айсұлу Сүлейменова қатысты. Ол жобаға қатысушылармен кездесіп, өз тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ ол мүгедектігі бар адамдардың өзін-өзі дамытуына қажет нақты мүмкіндіктер ұсынудың маңызын атап өтті.

Жобаны «Әділет» партиясы Есіл аудандық филиалы іске қосты. Алғашқы кезеңде қатысушылар визажист, шаштараз және маникюр шебері мамандықтарын меңгереді. Сонымен қатар олар әлеуметтік желілерді жүргізу, қызметтерді ілгерілету және қаржылық сауаттылық негіздері бойынша курстардан өтеді.

Ерекше қажеттілігі бар адамдардың мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған бұл бастама Мемлекет басшысының инклюзивті ортаны дамыту жөніндегі ұстанымдарына толық сәйкес келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әрбір азаматтың қоғам өміріне толыққанды араласуы үшін жағдай жасау қажет екенін бірнеше рет атап өткен еді.

«Оқу қорытындысы бойынша әрбір қатысушыға сертификат табысталады. Олар меңгерген жаңа дағдыларын жұмысқа орналасу немесе өз бетінше табыс табу үшін пайдалана алады. Сондықтан жоба білім беру ісінен бастап, одан кейінгі сүйемелдеуге дейінгі кезеңдерді қамтиды», – деді «Әділет» партиясы аудандық филиалының басшысы Санира Жүсіпова.

Пилоттық кезең аясында жыл соңына дейін 150 адамды қамту жоспарланып отыр. Жобаны жүзеге асыру қорытындысы бойынша оның тәжірибесін еліміздің өзге де өңірлерінде пайдалану көзделуде.

Жобаға алғашқы қатысушылардың бірі – бұған дейін жұмысқа орналасу мәселесі бойынша партияға жүгінген Айдана Хаймулдина.

«Жоба туралы хабардар болған кезде, бірден оған қатысуға бел будым. Қазір білім алып жатырмын. Соның нәтижесінде өз бетімше табыс табуыма және ары қарай дамуыма мүмкіндік беретін мамандықты меңгергім келеді», – деді ол.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба ерекше қажеттілігі бар азаматтардың әлеуетін ашуға, олардың қоғам өміріне толыққанды әрі белсенді араласуына жағдай жасауға, сондай-ақ тұрақты табыспен қамтамасыз етуге бағытталуда.

әділет партиясы инклюзивті жоба
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleЖұлдыз Сүлейменова ата-аналардың мұғалімдермен байланысына қатысты пікір білдірді
Next Article Мемлекет басшысы Солтүстік Македония Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Оқи отырыңыз...

2,3 трлн теңгелік дау: Қазақстан NCOC-тан айыппұл өндіріп алуды уақытша тоқтатты

09.09.20261

Бибісара Асаубаева Үндістанда 6 партия қатарынан жеңіске жете алмай келеді

09.09.20263

«Жұлдызы жанған Жезқазған»: Жезқазған қала күнін атап өтті

09.09.20265
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қан байланысты шешпейді: Сәбиттің ұлы қарындасының тойына келмеуінің себебін айтты

30.07.20264 676

«Ерте тұрмысқа шықпаңдар»: Айгүл Иманбаева 15 млн-ға ұзатылған Алтынайдың қызы туралы айтты (ФОТО)

30.07.20264 263

10 жастағы моңғол қыздың қазасы: Моңғолдар соңғы оқиғадан кейін этникалық қазақтарды жазалауды талап етуде

18.08.20263 391

«Басқамен ойнас болған»: Жан Ахмадиев күйеуі ұрып өлтірген Мадина жайлы сұмдықты айтты

04.09.20263 348

Екеуі сезімталдықты күшейтуге келіскен: Астанада жас қыз жігітімен жыныстық қатынасқа түсіп жатқанда өліп кетті

28.08.20262 961

«Лондондағы қызыма көмек керек»: Жұлдыз Әбдікәрімова дабыл қағып, елден көмек сұрады

01.09.20262 836

10 қызды өлтіріп, етін жеген: министрлік атышулы каннибал Николай Жұмағалиевке қатысты пікір білдірді

30.07.20262 730

«Бәйбіше-тоқал тартысы тоқтады»: Айқын Төлепберген демалысқа қос некесінен туған балаларымен барған

26.08.20262 702

Халықаралық дау: Түркістан облысында қытайлық инвестор әйелді зорлаған депутат қамауға алынды

28.07.20262 570

«Құтырғандар-ай, мақтаншақтық»: қызының қалыңмалына 15 млн теңге алған Алтынай Жорабаева құдаларына алғыс жаудырды

28.07.20262 362

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.