Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Қоғам»Димаш Құдайберген Қасым-Жомарт Тоқаевтан сыйға алған тазы итіне ат қойды
Қоғам

Димаш Құдайберген Қасым-Жомарт Тоқаевтан сыйға алған тазы итіне ат қойды

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы03.09.202628

Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан сыйлыққа алған тазы итіне «Ғарышкер» деп ат қойған. Әнші бүгінгі Қазақы тазы күніне орай әдемі естелік жазған, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Әнші жариялаған алғашқы кадрда өзі Ақжанның әкесімен бірге түскен. Димаш Құдайберген Мемлекет басшысының тұлпарымен серуендеп қайту өзі үшін үлкен мәртебе болғанын атап өтті. Ал екінші суретте өнер иесінің жанында Мемлекет басшысының Нэнси және Наурыз атты тазылары бейнеленген. Димаш Құдайберген тазыға қатысты өзіне сыйланған ерекше сыйлық туралы да жазды. Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы оған тазы сыйлаған. Әнші оған «Ғарышкер» деген ат қойған.

— Бүгін – қазақ тазысы күні. Сіздермен бірегей кадрлармен бөліскім келеді, – деп жазды Димаш Құдайберген.

Жазбаға шетелдік оқырмандар да пікір қалдырды Димаш Құдайбергеннің жазбасына аз уақыт ішінде әлемнің бірнеше елінен пікір түсті. Желі қолданушылары фотоларға жылы лебіздерін білдіріп, қазақтың тұлпары мен тазыларына тәнті болғандарын жазды. Пікір қалдырғандардың арасында Түркия, Германия, Испания, Индонезия, Чили, Аргентина, Мексика, Таиланд және басқа елдердің қолданушылары бар.

 Шетелдік оқырмандардың бірі бұл фотолар қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымындағы «Жеті қазына» ұғымын еске түсіретінін атап өтті. Оның ішінде жүйрік ат пен адал тазының да орны ерекше екенін жазды.  Көпшілік Димаш Құдайбергенге фотоларды бөліскені үшін алғыс айтып, қазақтың ұлттық мәдениеті мен құндылықтарын әлемге танытып жүргенін атап өтті.

Айта кетейік, 3 қыркүйек Қазақстанда биыл алғаш рет қазақ тазысы күні ретінде аталып өтеді. Бұл дата 2024 жылғы 3 қыркүйекте Халықаралық кинологиялық федерацияның (FCI) қазақ тазысын алдын ала тану туралы шешім қабылдауына орай белгіленген.

 

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleҚұрылтай Бозымбаевтың кандидатурасына келісім берді – ол қайтадан премьердің орынбасары болды
Next Article Арман Қырықбаев кім? Жаңа Мәдениет және ақпарат министрінің еңбек жолы

Оқи отырыңыз...

«Маған ренжімеңіздерші»: елімізді әлем алдында қорлаған «Борат» қазақстандықтардан кешірім сұрады (ВИДЕО)

29.10.202619

Басты қоздырғыш шынайы дыбыстар: Сексологтар төсекте үнсіз қалатын әйелдерге кеңес берді

23.10.2026552

«Немереме келін іздеп жүрмін»: Тоқаевтың қолынан «Отан» орденін алған Алтынбек Қоразбаев журналист қызға «құда түсті» (ВИДЕО)

23.10.20261 045
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20263

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202653

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026351

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.