Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Оқиғалар»Екеуі сезімталдықты күшейтуге келіскен: Астанада жас қыз жігітімен жыныстық қатынасқа түсіп жатқанда өліп кетті
Оқиғалар

Екеуі сезімталдықты күшейтуге келіскен: Астанада жас қыз жігітімен жыныстық қатынасқа түсіп жатқанда өліп кетті

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы28.08.20263 394

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты адам өлтіру және сүйіктісін тонады деп айыпталған 2002 жылы туған Владислав А.-ға қатысты істі қарауды аяқтады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz сайты Caravan.kz-ке сілтеп.

Айыптау актісінде көрсетілгендей, 2026 жылдың 4 ақпанында сағат 21:32 мен 23:30 аралығында Владислав сүйіктісі Яна тұратын пәтерде оның тыныс алу жолдарын қолымен әдейі жауып, салдарынан жәбірленушіге ауа жетпей қалған. Ол оқиға орнында механикалық асфиксия салдарынан көз жұмған.

Осыдан кейін Владислав марқұмға тиесілі «iPhone 13» ұялы телефонын алып, құпиясөзін білгендіктен оның банк қосымшасына кірген. Кейін жәбірленушінің шотынан 204 мың теңгені аударып, пәтерден кетіп қалған.

Сот отырысында сотталушы өзіне тағылған айыпты ішінара мойындап, Янамен осы жылдың қаңтар айында интернет арқылы танысқанын айтты. Кейін олар сөйлесіп, кездесіп, алкоголь ішімдіктерін ішкен және интимдік қарым-қатынаста болған. Оның айтуынша, жыныстық қатынас кезінде екеуі өзара келісіммен тұншықтыру әрекетін қолданған. Сотталушы мұны сезімді күшейту үшін жасағандарын жеткізді.

Оқиға болған күні де олар кездесіп, бірнеше кафе мен барға барып, алкоголь ішімдіктерін ішкен. Кейін Яна үйіне барып, жақын қарым-қатынаста болған. Сотталушының сөзінше, ол бұрынғыдай эмоцияға беріліп, қызды тұншықтыра бастаған, ал Яна бұған келісім берген.

Жыныстық қатынас аяқталғаннан кейін ол қыздың қимылсыз жатқанын байқаған. Оны есін жиғызуға тырысқанымен, еш нәтиже болмаған. Осыдан кейін қатты абдырап, не істерін білмей қалғанын айтты.

Ол Таразға кетуге шешім қабылдап, Янаға тиесілі ұялы телефонды алған. Банк қосымшасына кіріп, оның шотындағы барлық ақшаны досының есепшотына аударған. Кейін такси шақырып, барға барған. Түнгі сағат екілер шамасында бар қызметкері оны үйіне жіберген. Келесі күні Таразға қарай жолға шыққанымен, жолда полиция қызметкерлері оны ұстаған.

Сотталушы адам өлтіруге ниеті болмағанын, оқиға абайсызда болғанын алға тартты. Ал ақшаны басқа қалаға кету үшін алғанын айтты. Оның сөзінше, екеуінің арасында ешқандай араздық болмаған. Ұрлық жасағанын толық мойындады.

Марқұмның әпкесі азаматтық талап арыз беріп, сот оны 6 миллион теңге көлемінде қанағаттандырды.

Сот үкімімен Владислав А. 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article70 жыл жөндеу көрмеген: Абай облысында теміржол вокзалына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қайта ашылды
Next Article 1400 адам із-түзсіз жоғалған: Непалдағы су тасқыны құрбандарының саны 359-ға жетті

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202657

Асханасы лас, аспазшыларында вирус: «MasterFood» қызмет көрсеткен РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды

30.10.20269
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20263

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20261

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202657

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026379

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.