Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Қоғам»Экипаж әзіліңді түсінуге міндетті емес: ұшақта қандай сөз айтқан азаматтар ұсталады
Қоғам

Экипаж әзіліңді түсінуге міндетті емес: ұшақта қандай сөз айтқан азаматтар ұсталады

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы11.09.202611
Фото: inbusiness.kz

Азаматтық авиация комитеті ұшақ бортында неліктен «бомба», «жарылыс», «террорист», «қару», «басып алу» сияқты сөздерді айтуға болмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды Muztaumedia.kz. 

Себебі экипаж мүшелері жолаушының әзілдеп тұрғанын түсінуге міндетті емес, олар дереу хаттама бойынша әрекет етуге тиіс. Авиацияда мұндай сөздер қауіп төнгенін білдіреді.

«Мұндай мәлімдеме жасалған жағдайда қауіпсіздік шаралары бірден күшейтіледі: ұшақ пен багаж тексеріледі, арнайы қызметтер шақырылады. Қажет болса, жолаушылар эвакуацияланып, әуежайдың кейбір аймақтарына кіруге шектеу қойылуы мүмкін», — делінген хабарламада.

Таяуда осындай оқиға болды. Алматы – Ақтау бағытындағы рейсінде жолаушылардың бірі «бомба» туралы айтқан. Сол сәтте экипаж мүшелері авиациялық қауіпсіздік қызметкерлері мен көліктік полиция қызметкерлерін шақырды. Ер адамды рейстен алып тастады. Ұшақ іші тексеріліп, ұшу екі сағатқа кешікті.

«Бұл шамадан тыс реакция сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ авиация саласында олай емес. Экипаж мұндай сөздің әзіл, абайсызда айтылған сөз немесе шын ақпарат екенін бірден анықтай алмайды. Ұшақта және әуежайда себепсіз бомба, жарылғыш зат, қару, тапанша, террористер, терроризм актісі, әуе кемесін басып алу туралы, сондай-ақ жолаушыларға немесе экипажға зиян келтіру ниеті, багажда немесе қол жүгінде қауіпті заттардың бар екені туралы сөздер айтуға және мұндай тақырыпта әзілдеуге болмайды», — дейді авиация комитеті.

ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес, терроризм актісін жасауға дайындалып жатқаны туралы көрінеу жалған хабарлама жасағаны үшін азамат 5000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл немесе түзеу жұмыстарына тартылудан бастап 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Сахараның соңғы шырағы»: Қытайда қазақ жастары анимациялық фильм түсірді
Next Article «Бір ұшы бізге де тиеді»: Ерлан Қарин «қыркүйек» сөзінің жазылуына қатысты дауға араласты (ВИДЕО)

Оқи отырыңыз...

«Маған ренжімеңіздерші»: елімізді әлем алдында қорлаған «Борат» қазақстандықтардан кешірім сұрады (ВИДЕО)

29.10.202619

Басты қоздырғыш шынайы дыбыстар: Сексологтар төсекте үнсіз қалатын әйелдерге кеңес берді

23.10.2026552

«Немереме келін іздеп жүрмін»: Тоқаевтың қолынан «Отан» орденін алған Алтынбек Қоразбаев журналист қызға «құда түсті» (ВИДЕО)

23.10.20261 045
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20263

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20261

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202657

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026378

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.