Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Экономика»Елдің байлығын уысында ұстаған байлар: Forbes Қазақстандағы ең ықпалды бизнесмендердің тізімін жариялады
Экономика

Елдің байлығын уысында ұстаған байлар: Forbes Қазақстандағы ең ықпалды бизнесмендердің тізімін жариялады

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы09.10.202620

Коллаж: ЖИ 

Forbes Kazakhstan Қазақстандағы ең ықпалды 50 бизнесменнің 2026 жылғы рейтингін жариялады. Биыл тізімнің бірінші орнына кәсіпкер Вячеслав Ким шықты, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Рейтингтің алғашқы ондығы:

  1. Вячеслав Ким — әртараптандырылған бизнес;
  2. Болат Өтемұратов — әртараптандырылған бизнес;
  3. Тимур Құлыбаев — әртараптандырылған бизнес;
  4. Нұрлан Смағұлов — автокөлік саудасы, машина жасау, құрылыс;
  5. Шахмұрат Мүтәліп — құрылыс, металлургия;
  6. Тимур Турлов — қаржы технологиялары;
  7. Нұрлан Артықбаев — құрылыс, металлургия;
  8. Андрей Лаврентьев — автокөлік саудасы, машина жасау, тау-кен металлургиясы;
  9. Айдын Рахымбаев — құрылыс;
  10. Владимир Ким — металлургия, қаржы.

Вячеслав Ким 2023 жылы да бұл рейтингте бірінші болған. Былтыр ол екінші орынға түскен еді. Биыл кәсіпкер қайтадан көш бастады.

Forbes Kazakhstan мәліметінше, Кимнің негізгі активтерінің бірі – Kaspi.kz. Сондай-ақ ол 2025 жылы Alatau City Bank-ті сатып алған. 2026 жылғы қыркүйекте кәсіпкер Алатау қаласында білім беру, ғылым және венчурлік жобаларды біріктіретін AÑSA HUB орталығын құратынын жариялады. Оны қаржыландыру үшін 100 миллион доллар көлемінде эндаумент қорын қалыптастыру жоспарланған.

Биыл алғашқы ондыққа Шахмұрат Мүтәліп те кірді. Forbes оның Eurasian Resources Group компаниясының 39,3 пайыз үлесін сатып алғанын және «Алтыналмас» алтын өндіруші компаниясын сатып алу туралы келісімге қол қойғанын атап өтті.

Ал Нұрлан Артықбаев «Қазақмыс корпорациясын» бақылауына алған. Ол рейтингте жетінші орынға көтерілді.

Басылым рейтингті жасағанда кәсіпкерлердің капиталын ғана емес, негізгі салалардағы орнын, ірі жобаларының ауқымын және сарапшылардың бағасын ескерген. Forbes Kazakhstan сарапшылардың бағасы үміткерлерді іріктеу кезінде ең үлкен салмаққа ие болғанын атап өтті.

Биылғы тізімге төрт жаңа есім енген. Forbes Kazakhstan бұл рейтингтің ресми құжат емес, редакция дайындаған бағалау материалы екенін ескертеді.

Ақпарат көзі: Qaz365.kz

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleЖол бойынан алынған балық: 9 жасар баланың уланып қайтыс болуына қатысты жаңа мәліметтер
Next Article Қазақстанның бірқатар қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары арзандады

Оқи отырыңыз...

Қазақстанда доллар бағамы тағы құлдырады

30.10.20261

Алтын мен күмістің бағасы тағы да төмендеді

29.10.202613

Қазақстан халқының банктер алдындағы берешегі 27 триллион теңгеге таяды

29.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20261

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202646

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026312

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.