Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Басты ақпарат»Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды
Басты ақпарат

Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы10.09.20265
Фото: ҚТФ

Қазақстандық спортшы Елена Рыбакина мансабында алғаш рет Әйелдер теннисі қауымдастығының әлемдік рейтингінде көш бастады. Бұған дейін Қазақстанның бірде-бір өкілі әйелдер мен ерлер арасындағы жекелей сында әлемдік рейтингтің бірінші сатысына көтерілмеген, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Muztaumedia.kz.

Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы US Open-2026 турнирінің жартылай финалына шыққаннан кейін бірінші орынға көтерілді. WTA-ның live-рейтингінде Рыбакина Беларусь өкілі Арина Соболенкодан озып, тізімнің жаңа көшбасшысы атанды.

Бұл нәтиже Қазақстан спорты үшін тарихи жетістік болды. Рыбакина жекелей сында әлемдік рейтингті басқарған еліміздің тұңғыш өкілі атанды. Бұған дейін Қазақстан спортшыларының ешқайсысы – әйелдер арасында да, ерлер арасында да бірінші орынға көтерілмеген.

WTA рейтингіндегі көшбасшылық Елена Рыбакинаның мансабындағы ірі жетістіктердің қатарын толықтырды. Қазір оның еншісінде жекелей сында WTA турнирлерінде жеңіп алған 13 титул бар.

Қазақстандық теннисші «Үлкен дулыға» турнирлерінде екі рет жеңіске жеткен. Ол осы санаттағы алғашқы титулын 2022 жылы Уимблдонда жеңіп алды. 2026 жылы Рыбакина Australian Open чемпионы атанды.

Оның мансабындағы тағы бір маңызды жеңіс – 2025 жылы Эр-Риядта өткен WTA қорытынды турниріндегі триумф. Қазақстандық спортшы жарысты бірде-бір рет жеңілмей аяқтап, бес матчтың барлығында жеңіске жетті. Финалда ол сол кезде әлемдік рейтингтің бірінші сатысында тұрған Арина Соболенконы жеңді.

Рыбакинаның еншісінде WTA 1000 санатындағы екі титул да бар. Ол екі жеңісіне де 2023 жылы – Индиан-Уэллс пен Римдегі турнирлерде қол жеткізді. Сонымен қатар қазақстандық теннисші WTA 500 турнирлерінде алты рет жеңіске жетіп, WTA 250 санатындағы жарыстарда екі рет чемпион атанды.

Елена Рыбакина кәсіпқой турдағы алғашқы титулын 2019 жылы Бухарестте жеңіп алды. Содан бері ол турдағы ең перспективалы теннисшілердің бірінен «Үлкен дулыға» турнирлерінің екі дүркін чемпионы, WTA қорытынды турнирінің жеңімпазы және әлемнің бірінші ракеткасына дейінгі жолдан өтті.

Елена Рыбакинаның жетістігіне Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов пікір білдірді.

«Бұл жетістіктің артында Елена мен оның бүкіл командасының орасан зор еңбегі, таланты, мінезінің беріктігі және көпжылдық мақсаткерлігі тұр. Бұл – миллиондаған қазақстандықты біріктіріп, жігерлендіретін жеңіс. Бүгінгі жетістік әрбір жанкүйеріміз үшін ерекше сәтке айналып, спорттағы жолын енді бастаған мыңдаған балаға үлгі болады деп сенемін. Елена Қазақстан өкілі әлемдегі ең үздік бола алатынын дәлелдеді. Бұл – еліміз үшін зор мақтаныш әрі Қазақстанның халықаралық спорт аренасындағы беделін нығайтатын жетістік. Қазақстан теннис федерациясының атынан барша қазақстандықты осы айтулы тарихи жетістікпен құттықтаймын!» – деді Болат Өтемұратов.

Қазақстан теннис федерациясы Рыбакинаның жаңа жетістігінің отандық спорт үшін маңызына да тоқталды.

«Еленаның жетістігі теннистің дамуы мен танымалдығына жаңа серпін бере алады. Мұндай жеңістер мен жетістіктер балаларды спортпен айналысуға жігерлендіреді, тенниске деген қызығушылықтың артуына және Қазақстан туы астында әлемнің бірінші ракеткасының жетістігін қайталауға ұмтылатын жаңа буын ойыншыларының қалыптасуына ықпал етеді», – деп мәлімдеді федерация өкілдері.

WTA рейтингінің ресми жаңартылған нұсқасы дүйсенбі, 14 қыркүйекте жарияланады.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleБҚО-да мас жүргізуші екі әйелді қағып, біреуін мерт қылған соң оқиға орнынан қашып кетті
Next Article «Бұл-еліміз үшін зор жетістік деп ойлаймын»: Рыбакина тарихи жеңісінен кейін пікір білдірді

Оқи отырыңыз...

«Алтай өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі»: Тоқаев Түркия төрінде Путинге тағы үндеу тастады

30.10.2026365

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі  

30.10.20265

Анкара сапары: Тоқаев пен Ердоған не туралы сөйлесті?

30.10.202644
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026336

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.