Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Спорт»Елена Рыбакина US Open чемпионы атанды
Спорт

Елена Рыбакина US Open чемпионы атанды

НұрланНұрлан14.09.20261
Фото: әлеуметтік желі

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әйелдер арасындағы әлемдік рейтингтің көшін бастады. WTA жаңартылған тізімді US Open-2026 турнирі аяқталғаннан кейін жариялады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz. 

Осылайша, 27 жастағы Рыбакина мансабында алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанды. Ол WTA тарихында рейтинг шыңына көтерілген 30-теннисші әрі мұндай жетістікке жеткен Қазақстанның алғашқы өкілі болды.

Рыбакина рейтингте екінші орынға түскен Арина Соболенкодан 2026 ұпайға озып тұр. Бұл қазақстандық теннисшіге алдағы турнирлерде әлемнің бірінші ракеткасы мәртебесін сақтап қалуға жақсы мүмкіндік береді.

Рыбакина бірінші орынды US Open турнирінің ширек финалында Қытай өкілі Чжэн Циньвэньді жеңгеннен кейін-ақ қамтамасыз еткен еді. Кейін ол финалда Соболенконы 6:4, 5:7, 6:2 есебімен ұтып, жаңа мәртебесін чемпиондық атақпен дәлелдеді.

Беларусь теннисшісі әлемдік рейтингте қатарынан 99 апта көш бастады. Соболенко мансабында бірінші орында жалпы саны 107 апта өткізіп, бұл көрсеткіш бойынша әйелдер теннисі тарихында оныншы орынға тұрақтады.

US Open-дегі жеңіс Рыбакинаның мансабындағы үшінші «Үлкен дулыға» жүлдесі болды. Бұған дейін ол 2022 жылы Уимблдонда және 2026 жылы Australian Open турнирінде топ жарған.

Енді қазақстандық спортшыға әлемдік рейтингті алғаш рет басқарған теннисшілерге берілетін арнайы Chris Evert WTA World No.1 Trophy жүлдесі табысталады.

елена рыбакина жеңіс
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleТұман, жел: Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Next Article «Кәдімгідей есімді жоғалтып кеттім»: қайғыдан қан жұтып жүрген Гүлзира Айдарбекова ұмытшақтыққа шалдыққанын айтты (ВИДЕО)

Оқи отырыңыз...

Елдос Сметовті сілкілеген қазақ: Талғат Орынбасар Олимпиада чемпионын жеңіп, Абу-Дабиде қола жүлдегер атанды

30.10.202633

Елена Рыбакина Қытайдағы WTA 500 турнирінің финалына шықты

25.10.20260

Төрехан Сабырхан Азиада ойындарында бокстан алғашқы алтынды жеңіп алды

02.10.202619
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202646

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026311

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Оқушылары жаппай уланған Республикалық физика-математика мектебі екінші тоқсанда да ашылмайды

30.10.202611

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.