Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Оқиғалар»«Енесімен жабылып ұрған»: барниге бола ажал құшқан Мадинаның хаты елді есеңгіретті
Оқиғалар

«Енесімен жабылып ұрған»: барниге бола ажал құшқан Мадинаның хаты елді есеңгіретті

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы18.08.20261 667
Фото: muztaumedia.kz

Жамбыл облысындағы Меркі ауданында болған іске қатысты тың дерек шықты, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Жас келіншек Өзбекстанның қазағы болған. Ал оны күйеуі небәрі 200 теңгелік барни үшін ұрып, соққыға жыққан. Бұл жолы марқұмның Өзбекстаннан келген әпкесі сұхбат берді.

«Қазір мен жуындырып шықтым. Басын кесіп тастаған. Оны басын жарып өлтірген, бізге әділдік керек. Енесі екеуі қосылып ылғи ұрады екен. Онысымен қоймай өзіне қол жұмсады деп өтірік видеоға түсірген. Аяғы көрінбейді, астында тұрғаны шелекке де ұқсамайды. Менің сіңілімді өлтіріп тастап отыр», — деді ол.

Жамбыл облысының Меркі ауданында көз жұмған 19 жастағы Мәдина Рашидқызы 17 тамызда жер қойнына тапсырылды. Күйеуінен кетуге қамданып, жолға 15 мың теңге іздеген жас ананың артында сегіз айлық сәбиі қалды.  Мәдина Өзбекстан азаматы болған, ал күйеуі Қазақстан азаматы. Екеуі екі жылға жуық отасқан. Қайғылы оқиғадан кейін марқұмның құрбысы Зейнеп Мұсахожанова Threads желісінде олардың хат алмасуын жариялап, Мәдинаның отбасындағы жанжал мен күйеуінің қол көтеретіні жөнінде бұған дейін де бірнеше рет айтқанын жеткізді.

Соңғы кикілжің бір «Барни» бисквитінен басталған. Мәдинаның жазуынша, күйеуі тәттіні баласына әкелген, ал ол біреуін жеп қойған.

«Бүгін Мадиярмен қатты ұрыстым. Бір “Барни” шоколад үшін ұрыстық қой. Тіпті ұрып жіберді. Балаға алып келіпті, содан біреуін алып жегем. Соған “Неге жейсің, мен оны балаға алып келдім?” деді», — деп жазған ол құрбысына.

Марқұм жанжалдан қашып, дәретханаға кіргенін, алайда күйеуі артынан барып, басынан ұрғанын айтқан.

«Ол келіп, басымнан ұрды, мен құлап қалдым. Елестетші, бір “Барни” үшін», — делінген хатта.

Ертеңіне Мәдина жиналған чемоданының суретін жіберіп, күйеуінен кетуге және ажырасуға бел буғанын хабарлаған. Жол қаражатына құрбысынан 15 мың теңге қарыз сұрапты. Зейнептің қолында мұндай ақша болмағандықтан, таныстарынан көмек іздей бастаған. Алайда көп ұзамай оған Мәдинаның көз жұмғаны туралы хабар жеткен.

Зейнеп марқұмның денесіндегі көгерген іздерді бұрын да өз көзімен көргенін, Мәдинадан жарақат суреттерін алғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, жерлеу алдында жас әйелдің денесінде сау жер қалмаған, ал шашынан нан қоқымы табылған. Құрбысы осыған қарап, Мәдинаны еденмен сүйреуі мүмкін деген болжам келтірген. Құқық қорғау органдары аталған мәліметтерге әзірге ресми баға берген жоқ. Зейнеп соңғы жанжалдың тікелей куәгері болмаған, ол оқиғаны марқұмның хаттары арқылы білген.

Журналист не дейді?

Мәдинаның жаназасына қатысқан журналист Аружан Дүйсебаева әлемжеліде марқұмның қайын жұртынан ешкім келмегенін жазды. Оның сөзінше, қазір желіде марқұмның жағдайын қоғамға жеткізген құрбысын қаралап жатқандар бар. Алайда қаралы отбасыға жүгіріп жүріп көмектесіп, жан-жақты ақпарат таратып, марқұмның анасына сүйеу болған да сол Зейнеп.

«Анасының боталап жылағаны бір бөлек. Сегіз айлық сәбидің анасын қалай іздеп жатқанын ойласам, жүрегім ауырады. Жаназада қайын жұрты болмады. Солардың әулетін көбейтіп, бар тірлігін істеп, бір “Барни” үшін өмірден өткен қыздың қадірі мүлдем болмағаны ғой ол отбасында. Болса, қоштасуға келер еді, кешірім сұрап жылар еді», — деп жазды журналист.

Жамбыл облыстық полиция департаменті Мәдинаның өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

«Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды», — делінген полиция мәлімдемесінде.

барни Жамбыл облысы Меркі соққы ұру шоколад
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleСайлау кезеңінде БАҚ пен блогерлер нені ескеруі керек – Аида Балаева түсіндірді
Next Article «Ішіндегі баласын да түсірген»: Меркіде көз жұмған жас келіншектің құрбысы шындықты айтты

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202652

Асханасы лас, аспазшыларында вирус: «MasterFood» қызмет көрсеткен РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды

30.10.20269
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202652

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026348

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.