Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Басты ақпарат»Халықаралық дау: Түркістан облысында қытайлық инвестор әйелді зорлаған депутат қамауға алынды
Басты ақпарат

Халықаралық дау: Түркістан облысында қытайлық инвестор әйелді зорлаған депутат қамауға алынды

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы28.07.20262 568
muztaumedia.kz

Түркістан облысында Қытай Халық Республикасының азаматына қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасалды деген күдікпен қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желілерде күдікті ретінде Бәйдібек аудандық мәслихатының депутаты Ерғали Аманбаевтың аты аталып жатыр.

Әлеуметтік желілерде тараған мәліметке қарағанда, Алматы тұрғыны Бәйдібек ауданындағы Байжансай ауылына Қытайдан келген инвесторлар делегациясын алып келген. Ақпаратқа қарағанда, депутат делегацияны қарсы алып, 34 жастағы Қытай азаматшасын өзінің Lexus автокөлігіне отырғызып, елсіз жерге апарып, оған қатысты күш қолданған.

Түркістан облыстық полиция департаменті депутатқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын растады.

– Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті – Шымкент тұрғыны анықталып, қамауға алынды, – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу құпиясына байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді.

Айта кетейік, бұл – Ерғали Аманбаевтың аты аталған алғашқы жанжал емес. 2025 жылы Бәйдібек аудандық мәслихатының депутаты жол қозғалысы ережелерін бірнеше рет өрескел бұзғаны үшін сот шешімімен төрт тәулікке әкімшілік қамауға алынып, бір жылға жүргізуші куәлігінен айырылған.

Полиция мәліметінше, ол жалған мемлекеттік нөмір таққан Lexus LX 570 көлігін басқарған, қарсы жолаққа шыққан, міндетті сақтандырусыз және қауіпсіздік белдігін тақпай көлік жүргізген, сондай-ақ тыйым салынған жерде кері жүрген.

Осы оқиғадан кейін Amanat партиясы депутатқа сөгіс жариялаған. Ал аумақтық сайлау комиссиясының өтінішіне қарамастан, аудандық мәслихат жол қозғалысы ережелерін бұзу депутаттық әдеп нормаларын бұзу болып саналмайды деген шешім қабылдап, оған тек этикалық талаптарды сақтау жөнінде ескерту жасаумен шектелген.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleБазалық мөлшерлеменің төмендеуі депозит пен несиеге теріс әсер етеді — сарапшы
Next Article Сізден басқаның бәрі кінәлі: Бектенов Алматы облысының әкімін сынға алды

Оқи отырыңыз...

Тоқаев Тәжікстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

09.09.20262

«Жатқызып қойып, үстімізден жүгіреді»: Ақтөбеде соққыға жығылған жігіттің анасы сұмдық жайттарды айтты (эксклюзивті сұхбат)

08.09.20261 456

Мемлекет басшысы Солтүстік Македония Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

08.09.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қан байланысты шешпейді: Сәбиттің ұлы қарындасының тойына келмеуінің себебін айтты

30.07.20264 672

«Ерте тұрмысқа шықпаңдар»: Айгүл Иманбаева 15 млн-ға ұзатылған Алтынайдың қызы туралы айтты (ФОТО)

30.07.20264 258

10 жастағы моңғол қыздың қазасы: Моңғолдар соңғы оқиғадан кейін этникалық қазақтарды жазалауды талап етуде

18.08.20263 388

«Басқамен ойнас болған»: Жан Ахмадиев күйеуі ұрып өлтірген Мадина жайлы сұмдықты айтты

04.09.20263 339

Екеуі сезімталдықты күшейтуге келіскен: Астанада жас қыз жігітімен жыныстық қатынасқа түсіп жатқанда өліп кетті

28.08.20262 956

«Лондондағы қызыма көмек керек»: Жұлдыз Әбдікәрімова дабыл қағып, елден көмек сұрады

01.09.20262 833

10 қызды өлтіріп, етін жеген: министрлік атышулы каннибал Николай Жұмағалиевке қатысты пікір білдірді

30.07.20262 725

«Бәйбіше-тоқал тартысы тоқтады»: Айқын Төлепберген демалысқа қос некесінен туған балаларымен барған

26.08.20262 700

Халықаралық дау: Түркістан облысында қытайлық инвестор әйелді зорлаған депутат қамауға алынды

28.07.20262 568

«Құтырғандар-ай, мақтаншақтық»: қызының қалыңмалына 15 млн теңге алған Алтынай Жорабаева құдаларына алғыс жаудырды

28.07.20262 361

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.