Қаржы министрлігі Халық кеңесінің қызметіне бөлінетін қаржының көлемін жариялады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпарат порталы.

Қаржы тек жалақыға  емес, халықпен кездесулер өткізуге, форумдар мен сессиялар ұйымдастыруға, іссапарларға, қоғамдық кеңестердің жұмысына және ақпараттық жүйелерді сүйемелдеуге жұмсалатынын айтты.

Вице-министрдің сөзінше, Қазақстан Халық Кеңесі бюджеттік бағдарлама әкімшісі ретінде белгіленген. Сондықтан оның қызметін қамтамасыз ету үшін бюджеттен жеке қаражат қарастырылған.

«Қазақстан Халық Кеңесі бюджеттік бағдарлама әкімшісі ретінде келді. Сәйкесінше, біз оған бюджеттен қаражат қарастырдық», – деді Абзал Бейсенбекұлы.

Ол 1,7 миллиард теңгені тек қызметкерлердің саны мен жалақысына қарап есептеу дұрыс емес екенін айтты. Себебі Қазақстан Халық Кеңесінің жұмысы тұрақты түрде халықпен кездесулер өткізуді және түрлі іс-шара ұйымдастыруды қамтиды.

«Бұл жерде тек жалақы туралы айтып отырған жоқпыз. Қазақстан Халық Кеңесі халықпен көптеген кездесу өткізеді, форумдар мен сессиялар ұйымдастырады. Іссапар шығыстары, қоғамдық кеңестер өткізу, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді қамтамасыз ету сияқты шығындар бар», – деді вице-министр.

Оның айтуынша, бюджет көлемін есептеу кезінде осы шығындардың барлығы ескерілген.

Share.
Exit mobile version